https://sputnik.kz/20220426/shymkent-politsiyasy-alayaqtyq-24456955.html
Шымкент полициясының бұрынғы бастығы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Шымкент полициясының бұрынғы бастығы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Sputnik Қазақстан
Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы Мұхтар Бұхарбаевтың әрекетіне байланысты қол астындағылардың бірі арыз жазған 26.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-26T09:12+0500
2022-04-26T09:12+0500
2022-04-26T09:12+0500
шымкент
полиция
арыз
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабаралды. Бұған дейін Мұхтар Бұхарбаевтың ұсталғаны хабарланды. Мұхтар Бұхарбаев 25 сәуірде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бұған дейін оның қол астындағылардың бірі Азамат Айымбетов өзінің бұрынғы бастығына қатысты тергеудің әрекетсіздігін айтып, президентке шағымданған. Айымбетов дәлел ретінде бастығының жазған хаттарын көрсеткен, ол жерде бұрынғы бастығы қымбат зат сатып алуға мәжбүрлегені көрсетілген. Сондай-ақ белгісіз біреулердің арызын қайтып алуы үшін 10 миллион теңге ұсынғанын айтты. Видеоүндеуден кейін Мұхтар Бұхарбаев қызметінен шеттетілді.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, полиция, арыз
Шымкент полициясының бұрынғы бастығы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығы Мұхтар Бұхарбаевтың әрекетіне байланысты қол астындағылардың бірі арыз жазған
АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметі хабаралды.
Бұған дейін Мұхтар Бұхарбаевтың ұсталғаны хабарланды.
"Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бұрынғы бастығына қатысты қызмет бабын пайдаланып жасалған алаяқтық фактісі бойынша (Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша) сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр", - делінген ақпаратта.
Мұхтар Бұхарбаев 25 сәуірде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
Бұған дейін оның қол астындағылардың бірі Азамат Айымбетов өзінің бұрынғы бастығына қатысты тергеудің әрекетсіздігін айтып, президентке шағымданған. Айымбетов дәлел ретінде бастығының жазған хаттарын көрсеткен, ол жерде бұрынғы бастығы қымбат зат сатып алуға мәжбүрлегені көрсетілген.
Сондай-ақ белгісіз біреулердің арызын қайтып алуы үшін 10 миллион теңге ұсынғанын айтты.
Видеоүндеуден кейін Мұхтар Бұхарбаев қызметінен шеттетілді.