"Прометей" қорғаныс жүйесі сериялық өндірісінің аяқталуына аз қалды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуПусковая установка зенитно-ракетного комплекса С-400 "Триумф", архивное фото
Пусковая установка зенитно-ракетного комплекса С-400 Триумф, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Әуе шабуылы мен зымыран шабуылына қарсы қорғаныс болатын С-500 "Прометей" жаңа жүйесінің сериялық өндірісі Ресейді жоғары технологиялық қару-жарақ саласында көшбасшы етіп отыр. Батыстағы С-400 "Триумф" сынды жүйелер әлі де сынақтан өте алмай жатқан шақта ресейлік "Промотейлер" жүздеген километр биіктіктегі жақын ғарышты игеріп жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
"Алмаз-Антей" әуе-ғарыш қорғанысы концернінің бас директоры Ян Новиков 25 сәуірде әуе шабуылы және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің сериялық өндірісі басталғаны туралы мәлімдеді. С-500 "Прометей" жүйесінің әлемде баламасы жоқ және ежақын уақытта ол Ресейдің әуе-ғарыш қорғанысының негізіне айналады.
2021 жылдың қазанында РФ Әуе-ғарыш күштері ерекше мақсаттағы 15-ші армия әскерилері алғашқы С-500 бригадалық жинағын алды. Жарты жылдан бері "Прометейлер" Мәскеу әуе және ғарыш кеңістігін сенімді күзетіп тұр. Екінші бригадалық жинақ 2022 жылдың екінші жартысында әскери кезекшілікке түседі. Мамандарды даярлау бесінші жыл жүріп жатыр.
Бұған дейін РФ қорғаныс министрлігі С-500 әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі Капустин Яр полигонында баллистикалық жылдамдық нысанасы ойынша сынақ атуларын орындағанын жәнее тактикалық-техникалық сипаттамасы мен жоғары сенімділігін растағанын хабарлады. "Прометей" ықтимал қарсыластың барлық жылдамдық диапазонында, 600 километр қашықтық пен 200 (кей деректе 400) километр биіктікте әуе-ғарыш шабуылы құралдарын жоюға арналған.
Әскери шолушының пікірінше, "Прометейдің" көп техникалық сипаттамасы құпия сақталып отыр. Бірақ Батыс "суптниктік байланыс құралдары, гипердыбысты зымырандар мен басқа да қуатты нысаналарды" атып түсіре алатын ресейлік "Прометейдің" қуатын бірден байқады.
Как прошли испытания новейшей системы С-500 Прометей - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2021
Видео
Ресейде "Прометей" С-500 жүйесі сынақтан өтті
Military Watch басылымы АҚШ-тағы әзірше құрылысы аяқталмаған B-21 Raider стратегиялық бомбалаушы ұшағы, гипердыбысты зымырандар мен SR-72 барлау-соққы эасау ұшағы С-500 жүйесінің ықтимал нысанасына айналуы мүмкін екенін жазды.
"Прометей" шамамен 600 километр радиустағы баллистикалық, аэродинамикалық нысаналар мен қанатты зымырандарды жоя алады. Дегенмен ол алдыңғы с-400 әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің немесе А-135 зымыран шабуылына қарсы қоғаныс жүйесінің жалғасы, модернизацияланған түрі немесе баламасы емес. Жаңа жүйенің негізгі мақсаты – орташа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды және траекторияның соңғы нүктесіндегі континентаралық баллистикалық зымырандарды жою.
Ашық дереккөздегі мәлімет бойынша, С-500 жүйесінің негізгі бағыты жақын ғарыштан бағытталуы мүмкін ықтимал зымыран-ядролық соққыдан елдің ғарыш шекарасын күзету және қорғау болып отыр. Сондықтан оның С-400 "Триумф" жүйесінің жылдамдығымен салыстыруға келмейтін 200 (400) километр ең жоғарғы жою биіктігі мен 7 км/сек немесе 25 мың км/сағ жылдамдықпен ұшатын нысаналарды жою мүмкіндігі бар.
Ресейдің Әуе-ғарыш күштері зениттік зымыран жасақтарының заманауи С-400 жүйесімен қарулану көрсеткіші 70 процентке жетті. Ресей әскеріне "Прометейлерді" жеткізу "Труимытарды" кейінгі орынға ысырып тастамайды. Керісінше, бұл әуе мен зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің эшелондалған қорғанысын қалыптастыруға ықпал етеді. Жалпы Ресей әуе шабуылына қарсы қорғанысы "Верба" немесе "Игла" жылжымалы зениттік зымыран кешендерінен басталатын эшелондау принципі бойынша құрастырылған әлемдегі жалғыз ел болып отыр.
Екінші эшелонда "Бук" пен "Тор" шынжыр табанды зениттік зымыран кешені, орташа қашықтыққа арналған "Панцирь-СМ", ал үшіншісінде С-300 әуе зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі мен С-400 зениттік зымыран жүйесі тұр. Сондықтан С-500 жүйесі осы бірізді қатарды төртінші, яғни ғарыш эшелонымен толықтырады.
"2025 жылға дейінгі мемлекеттік қарулану бағдарламасы аясында Орталық Ресейдегі А-135 зымыранға қарсы қорғаныс жүйесімен біріктірілетін бес С-500 бригадалық кешенін сатып алу жоспарланып отыр. Болашақта С-500 жүйесінің жер бетіндегі нұсқасы кеме қорғанысын қамтуы мүмкін", - деп жазды Хроленко.
Оның айтуынша, Ресеймен әскери қақтығыс туындап, Пентагон және НАТО Ресей немесе Украинадағ, Сириядағы, Оңтүстік Кавказдағы немесе Орталық Азиядағы ресейлік әскерге қарсы қанатты зымырандар және континентаралық баллистикалық зымыран қолданатын болса, бмұны әуе және зымыран шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері лезде анықтай алады. Со себепті Ресей қарсы жауап ретінде әлдеқайда қуатты зымырандарды қолдануға қауқарлы.
Гипердыбысты қару-жарақ дайындау мәселесінде АҚШ пен НАТО Ресей және Қытайдан көш қалып отыр. Дегенмен С-500 ғарыш, антигипердыбысты жүйесінің экспорттық әлеуеті жоғары болып отыр. Беларусь, Қытай, Үндістан, Алжир мен Иран алғашқы ықтимал шетелдік сатып алушылар бестігін құрап отыр. Ресейлік қорғаныс технологияларын дамыту жалғасып жатыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0