Қоғам

Елімізде 16 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істеп жатыр

Құжат тексеру - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі
АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Елімізде сәуірдің басындағы мәліметке сай, жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша 16 278 шетел азаматы жұмыс істеп жатыр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жұмыс істеуге рұқсат берілгендер бірнеше санатқа бөлінеді:
басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 639 рұқсат (бірінші санат);
құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 3 150 рұқсат (екінші санат);
мамандар үшін 8 115 рұқсат (үшінші санат);
білікті жұмысшылар үшін 825 рұқсат (төртінші санат).
Сондай-ақ, маусымдық жұмыстарға 1 197 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 352 адам тартылды.

"Қазір Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 683 жұмыс беруші бар. Оларда 429 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді. Бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-і", - делінген ақпаратта.

Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 685 адам; Түркия – 1 977 адам; Үндістан – 1 268 адам; Өзбекстан – 1 195 адам; Сербия – 1 109 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота бөледі. Биыл квота саны 28 352-ден 23 560-ге дейін, яғни 4 792 адамға қысқарды.
Жаңалықтар
0