Қазақстанда қандай азық-түлік тапшы екені белгілі болды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуархив фото
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Қазақстан нарығындағы тапшы азық-түлік қатарында алма, құс еті мен қант бар
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев республика нарығында 100% қамтамасыз етілмеген азық-түліктерді атады.
Ішкі нарық 11 тауар түрі бойынша 100% және одан да жоғары деңгейде қамтамасыз етілген.
Олардың қатарында мыналар бар: нан, макарон, сүт, картоп, қияр, күріш, қой еті, тауық жұмыртқасы, бидай ұны, қарақұмық, тұз.
Мына 12 тауар түрі бойынша қамтамасыз ету деңгейі 80% және одан да жоғары: қызанақ, сәбіз, қырыққабат, пияз, бұрыш, ас қызылшасы, сиыр еті, жылқы еті, шошқа еті, сүт өнімдері, сары май, күнбағыс майы.
"Алма (73,7%), құс еті (65,4%), шұжық өнімдері (56,4%), ірімшік пен сүзбе (56%), қант (42,6%) сияқты тауарлар бойынша көрсеткіш біршама төмен", - деді Ербол Қарашөкеев үкімет отырысында.
Бұл тауар топтары бойынша импорт көлемі 700 миллион долларды құрайды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша ішкі нарықты азық-түліктің 29 негізгі түрімен, оның ішінде отандық өндіріс есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің 19 түрімен қамтамасыз ету 80% құрайды.
Жаңалықтар
0