Қоғам

Премьер-министр Қазақстанның барлық мектебін тексеруді тапсырды

© Photo : Пресс-служба ДЧС Павлодарской областиПавлодарда өртенген мектеп
Павлодарда өртенген мектеп - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Павлодар облысының әкімі өрт шыққан екі мектепте жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов білім және ғылым министрлігіне елдегі барлық оқу орнының өрт қауіпсіздігіне сәйкестігін тексеруді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, елдегі барлық оқу орнының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексерсін. Сигнализацияның, гидранттар мен өрт сөндіргіштердің, өрт кезіндегі апаттық шығулардың жұмысқа жарамдылығы тексерілсін", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Премьер-министр балалардың қауіпсіздігі үшін барлық қажетті шара қабылдануға тиіс екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол әкімдіктерге төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп балаларды сауықтыру лагерлері, санаторийлер мен демалыс аймақтарында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін бақылауға алуды тапсырды.
Бұған дейін Павлодар облысында екі мектептен өрт шыққан болатын. Бүгін, 26 сәуірде өңір әкімі Әбілқайыр Ысқақов білім ошақтарының жай-күйі туралы ақпарат берді. Оның айтуынша, 1 мектептен өрт шығуына қасақана өртеу себеп болған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Мектепті жөндеу жұмыстары басталды, ол осы айдың соңына дейін аяқталады. Оқу процесі тоқтаған жоқ. Ал 28 мектептегі өрттің алдын ала себебі – қысқа тұйықталу. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Келтірілген шығын бағаланды.
Қажетті қаражат облыс әкімдігі резервінен бөлінеді. Қалпына келтіру жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқталады. Оқушылар уақытша жақын маңдағы екі мектепте оқып жатыр.
Жаңалықтар
0