https://sputnik.kz/20220426/nur-sultan-garazh-gashish-24476331.html
Нұр-Сұлтанда гараждан 30 миллион теңгенің есірткісі табылды
Нұр-Сұлтанда гараждан 30 миллион теңгенің есірткісі табылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Елордалық полицейлер елорда аумағында аса ірі көлемде есірткі сататын арнаны жойды. 26.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-26T20:05+0500
2022-04-26T20:05+0500
2023-08-09T12:22+0500
есірткі
астана
https://sputnik.kz/img/old/838/87/8388768_0:195:2949:1854_1920x0_80_0_0_2eadc8257739f84b3b12882b310b546a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Елордалық полицейлер елорда аумағында аса ірі көлемде есірткі сататын арнаны жойды.Бұрын сотталған 39 жастағы елорда тұрғыны ұсталды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.Нұр-Сұлтан полицейлері "Мирный" гараж кооперативінде іздеуші иттердің көмегімен тінту жұмыстарын жүргізу барысында "гашиш" есірткісі салынған полиэтилен қапты тәркіледі. Сатуға дайындалған заттың салмағы 25 килограмм тартты.Нұр-Сұлтан полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Акбаровтың айтуынша, тәркіленген есірткінің көлемі бір реттік 5000 дозаға жетеді, оның қара нарықтағы құны – 30 миллион теңге.Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.Күдікті кінәсін мойындады.Елордада есірткі жеткізу және сатуға қатысы болуы мүмкін басқа да тұлғалар анықталып жатыр.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/838/87/8388768_109:0:2840:2048_1920x0_80_0_0_705ce1dd82f6943f62a3da911dccf703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, астана
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Елордалық полицейлер елорда аумағында аса ірі көлемде есірткі сататын арнаны жойды.
Бұрын сотталған 39 жастағы елорда тұрғыны ұсталды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан полицейлері "Мирный" гараж кооперативінде іздеуші иттердің көмегімен тінту жұмыстарын жүргізу барысында "гашиш" есірткісі салынған полиэтилен қапты тәркіледі. Сатуға дайындалған заттың салмағы 25 килограмм тартты.
Нұр-Сұлтан полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Акбаровтың айтуынша, тәркіленген есірткінің көлемі бір реттік 5000 дозаға жетеді, оның қара нарықтағы құны – 30 миллион теңге.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының үшінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдікті кінәсін мойындады.
Елордада есірткі жеткізу және сатуға қатысы болуы мүмкін басқа да тұлғалар анықталып жатыр.