Экономика

Министр ресейлік мотоциклдердің Қазақстанда құрастырылатына қатысты пікірін бөлісті

© Sputnik / Владислав ВодневҚайырбек Өскенбаев
Қайырбек Өскенбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Индустрия министрлігінің басшысы Қазақстанда орналасуға тиіс емес кәсіпорындар біздің елімізде ашылмайтынына сендірді
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев ресейлік Ural Motorcycles зауытының Петропавлға ауысатынына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстандықтарға бизнесті дамыту тұрғысынан өз мүмкіндіктеріне сенгеніне үлкен алғыс айтқым келеді. Бізде күн сайын жобалар пулы өсіп жатыр. Басқа елдер, соның ішінде Ресей де бар. Біз Қазақстанда өз өндірісін ашуға дайын барлық кәсіпорынды қабылдауға дайынбыз. Өйткені бұл жаңа жұмыс орындары, қосымша салық, құзыреттер. Қазір "Урал" зауыты "ҚазТехМашпен" келіссөз жүргізіп жатыр. Білуімше, алаңды жалға алу келісімшартын да бекітіп қойды", - деді Өскенбаев үкімет кулуарында.
Осы орайда журналистер одан Қазақстан ресейлік зауытқа жұмыс істеуге рұқсат еткеннен кейін, өзі Батыстың санкцияларына ілігіп кетпей ме деп сұрады. Өскенбаев "Урал" зауыты санкцияға ілікпегенін атап өтті.

"Біріншіден, "Урал" зауыты санкцияларға ілікпеген. Ресейлік компаниялардың бәрі санкция астында емес. Батыс елдері олардың нақты тізімін бекіткен, менің білуімше, "Урал" зауыты бұл тізімге кірмейді. Егер ол қандай да бір себеппен Қазақстан аумағында кәсіпорын ашуға бел буса, неге біз бас тартуымыз керек?!"

Каирбек Ускенбаев  - Sputnik Қазақстан
Қайырбек Өскенбаев
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
Индустрия министрлігінің басшысы Қазақстанда орналасуға тиіс емес кәсіпорындар біздің елімізде ашылмайтынына сендірді.
"Мен "Урал" үшін оған осыншама көңіл бөліп жатқанына қуаныштымын. Шынымды айтсам, бізде одан да маңызды, өзіміздің отандық жүздеген зауыт бар. "Урал" тек осы жерде ашылатын зауыттардың бірі ғана. Егер бұл зауыт заңды болса, қандай да бір шектеулерге түспесе, біз кез келген зауытты өз аумағымызда қабылдауға дайынбыз", - деді Өскенбаев.
Еске салсақ, ресейлік Ural Motorcycles Свердловск облысының Ирбит қаласындағы өндірісін Петропавлға ауыстырады. Оған Ресейге қарсы санкциялардың салдарынан зауытқа қажетті бөлшектерді жеткізудің қиындап кеткені және импортқа тыйым салынғаны себеп болып отыр.
Жаңалықтар
0