Маңғыстауда қоқиқаздар қырылды – мамандар себебін анықтай алмады

© Photo : Pixabay / ElvisCZархивное фото
архивное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Маңғыстауда қырылған қоқиқаздардың видеосы 14 сәуірде тараған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Мамандар Маңғыстау облысында қырылған қоқиқаздарды сараптамадан өткізе алмады. Себебі құс ұшалары шіріп кеткен, деп хабарлайды "Актау-Лада" порталына сілтеме жасап.
Маңғыстауда қырылған қоқиқаздардың видеосы 14 сәуірде тараған болатын. Содан бері екі апта өтті.
https://vk.com/video160578329_456239273
Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілі Қуат Чумакаевтың айтуынша, құс ұшалары шіріп кеткен. Соның салдарынан сарапатама жасау мүмкін болмай отыр.
"Сарапшылар қоқиқаздар қырылған жерге барды. Құстың бес ұшасы табылды. Мамандар бәрін қарап шықты, оқтың іздері анықталған жоқ. Әлеуметтік желіде тараған видео 14 сәуірде түсірілген болатын. Сараптама жасау мүмкін болмай отыр. Ветеринария саласындағы мамандардың айтуынаш, қоқиқаздар ауа-райының қолайсыздығынан қырылуы мүмкін", - деді Чумакаев.
Оның сөзіне қарағанда, әлсіз құстар су тоғанын таппай, өліп қалуы да мүмкін. Қазіргі кезде полиция тексеріс шаралары бастады.
Айта кетері, қоқиқаз сирек кездесетін құстардың тізіміне кіреді. Оны атқаны үшін жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0