Алматыда 5 адамды өлтірген Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Алматыда үйінің ауласында бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қалалық соттың судьясы Еркін Майшиновтың үкімімен Игорь Дужнов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, ол жазасын төтенше қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Игорь Дужнов Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды:
172-бап – "шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысу" – 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру;
430-бап 1-бөлігі – "сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқару құжатты орындамау" – 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру;
408-бап – "Сот төрелігін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның өміріне қол сұғу" – өмір бойы бас бостандығынан айыру;
99-бап 2-бөлігі 1 және 6-тармақтар – "басқа адамдардың өміріне қауіпті тәсілмен жасалған екі және одан да көп адамды өлтіру" – өмір бойы бас бостандығынан айыру;
24-бап 3-бөлігі ("қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу) және 99-бөлім 2-бөлігі 1 және 6 тармақтар ("басқа адамдардың өмірі үшін қауіпті тәсілмен жасалған екі және одан да көп адамды өлтіру") – өмір бойы бас бостандығынан айыру;
380-бап – "Билік өкіліне қатысты күш қолдану" – өмір бойы бас бостандығынан айыру.
"Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 58-бабы 4-бөлігін қолданып, қылмыстардың жиынтығы бойынша Игорь Иванович Дужновқа өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны төтенше қауіпсіздік түзеу мекемесінде өтеу тағайындалсын", - деді судья Майшинов.

Бес адамның өлімі

2021 жылдың 20 қыркүйегі кешке Алматы тұрғыны Игорь Дужнов отбасын үйден шығаруға келген адамдарға оқ атты. Бес адам қайтыс болды: екі полицей, бір сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі мен оның өкілі.
Күдіктінің отбасына тиесілі тұрғын үй оның алдында банкке қарыз бойынша үшінші тарапқа сатылған. Үйдің бұрынғы иесі сот шешімімен келіспей, үйді босатқысы келмеген.
Сотта Дужнов адамдардың өліміне байланысты өкінетінін айтты. Ол мұндай жағдайға "заңсыздық пен сот озбырлығы, сот орындаушысының заңсыз әрекеттері" себеп болғанын айтты.
Бұған дейін алдын ала сот отырысында бас прокуратура Дужнов қылмысты жоспарлаған, ол карабинді оқтап, гаражға жасырған деп мәлімдеді.
Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің аға прокуроры Шыңғысхан Пұсырмановтың айтуынша, сот орындаушысы, үйдің жаңа иесі, адвокаттың көмекшісі аулаға кірген кезде Дужнов қаруын алуға барған.
Тергеу Дужновтың ауласына кірген адамдарды қабырғаға қаз-қатар тұрғызып, бірінен соң бірін атқанын анықтады. Содан кейін ол көшеге шығып, сол жерде тұрған полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған. Бірақ олар көліктің артына жасырынып үлгерген, олардың бірі оқ жаудырған адамның қаруын тартып алды.
Жалпы алғанда Дужнов карабиннен 10 рет оқ атқан, оның ішінде тоғызын сегіз секундта атты.
Дужнов соттағы соңғы сөзінде бес адамның өліміне кінәлі екенін мойындамады, жасаған ісіне өкінбеді.
Игорь Дужнов в суде - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Алматыда бес адамды атып өлтірген Игорь Дужнов соттағы соңғы сөзін айтты
Жаңалықтар
0