Өңірлер

Екібастұзда сынап далаға төгіліп жатыр: фирма басшысы түсініктеме берді

CC BY 3.0 / Bionerd / сынап
сынап - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Оның сөзіне қарағанда, далада жатқан сынап емес, шамдардан қалған шыны
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Екібастұз қаласында құрамында сынап бар шамдарды жою жұмыстарымен айналасытын жеке меншік фирманың басшысы желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді.
Бұған дейін @abzhannews Telegram-арнасында жергілікті эколог Ержан Оразалиноватың қаланың шығаберісінде жарты тоннаға жуық сынапты анықтағаны туралы хабар тараған болатын.
Оның айтуынша, қоймадағы қалдықтар "ЭлектроТрансРеелто" ЖШС-іне тиесілі және қоршаған ортаға үлкен қауіп төндіріп отыр.
Эколог кәсіпорынның жұмысын тоқатуды талап етті.
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген "ЭлектроТрансРеелто" ЖШС директоры Владимир Колесников мәселенің мән-жайын түсіндірді.
Оның сөзіне қарағанда, далада жатқан сынап емес, шамдардан қалған шыны, оның құрамында сынап жоқ.
"Қалдықтардың бәрі қапта жатқан ғой. Күз, қыс болды. Қаптар сетінеп, қалдықтар шашылып кеткен. Біз бәрін жинап қоямыз. Ол жағынан проблема жоқ. Сосын мен зертхананы шақырып жатырмын. Барлығы таза екенін дәлелдейміз. Біздегі қондырғы 100 процентке экологиялық таза, барлық процесс вакуумда жасалады, қоршаған ортаға ешбір зиян жоқ. Әйтпесе, лицензия бермейтін еді", - дейді Колесников.
Директор ескі шамдардан алынатын сынаптың арнайы сейфте сақталатынын жеткізді.
"Біз шамдардан қалатын пластикті де лақтырмаймыз, бәрін жинап, қайта өңдеуге жібереміз. Биыл шыны-пластик төсеуіштерді шығаруды жоспарлап отырмыз" – деп атап көрсетті Колесников.
Павлодар облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы зертханалық тескерісті бастады.
Айта кетері, "ЭлектроТрансРеелто" ЖШС сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, компания 2006 жылы құрылған. Ал 2012 жылдан бастап құрамында сынап бар шамдар және басқа да қалдықтарды жоюмен айналысады.
Осы жобаны іске асыру үшін Дубна қаласынан ресейлік физик мамандар да шақырылған. Олар жаңа қондырғыны құрастырып берді.
Ал жергілікті эколог Ержан Оразалинов 2016 жылы бес жылға сотталған. Сол кезде оны жеке кәсіпкердер ақша бопсалады деп айыптады. Оразалинов ірі көлемде ақша алғанда ұсталды. Алайда өз кінәсін мойындаған жоқ. Ақшаның консультативтік қызметтер үшін берілгенін мәлімдеді.
Психологиялық-лингвистикалық сараптама кезінде эколог пен бизнесменнің арасындағы әңгіменің жазбасы тексерілді. Аладай бопсалау әрекеті анықталған жоқ. Бұдан бөлек, Оразалинов ірі өндірістік кәсіпорынмен соттасқан.
"Павлодарэнерго" АҚ-сының қосымша турбоагрегатын іске қосуға қарсы болды. Генераторға қосымша фильтрлерді орнатуды талап еткен.
"Каустик" АҚ корпусын қайта жасауға қарсылық білдірген. Ақсу электрометаллургиялық зауыт және мұнай коксы бойынша кәсіпорын 50 шақырым шалғай жерде салу қажеттігін айтты. Павлодар мұнай-химия зауытын табиғат қорғау шараларына бөлінген ақшаны артық көрсеткені үшін айыптады.
Оразалинов өзінің ұстанымы көп адамға ұнамайтынын айтқан. Сол себепті оны парақор деп көрсетуге тырысады.
Жаңалықтар
0