Саясат

Amanat партиясын енді мәжіліс спикері Ерлан Қошанов басқарады

© Sputnik / Абзал КалиевРуководитель администрации президента Ерлан Кошанов
Руководитель администрации президента Ерлан Кошанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев партия төрағасы ретінде өкілеттігін тоқтатты
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясының төрағасы қызметіне мәжіліс спикері Ерлан Қошановты ұсынды. Партия мүшелері оның кандидатурасын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Жақанұлы Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат", - деді Тоқаев Amanat партиясының кезектен тыс ХХІІI съезінде.
Съезд қатысушылары бұл кандидатураны бірауыздан қолдап дауыс берді. Осылайша енді Amanat партиясын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов басқарады.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, делегаттар, осынау тарихи кезеңде партия тізгінін маған сеніп тапсырғаныңыз үшін зор алғысымды айтамын. Бұл мен үшін үлкен сын және аманат. Ел сенімін абыроймен атқарайық", - деді Қошанов.
Президент бүгінгі өзгерістер Аmаnаt-тың заман талабына сай жаңара түсуіне жол ашатынын, партия елімізді өркендетуге өз үлесін қоса беретінін атап өтті.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Аmаnаt партиясынан шығатынын мәлімдеген болатын.
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Саясат
Тоқаев Amanat партиясынан шықты
Жаңалықтар
0