https://sputnik.kz/20220426/air-astana-almaty-london-24456408.html
Air Astana Алматыдан Лондонға және Бодрумға ұша бастайды
Air Astana Алматыдан Лондонға және Бодрумға ұша бастайды
Sputnik Қазақстан
31 мамырға дейін Лондоннан Қазақстанға ұшатындар үшін эконом-класта науқандық тарифтер қолжетімді 26.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-26T08:56+0500
2022-04-26T08:56+0500
2022-04-26T08:57+0500
ұшақ
түркия
лондон
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17138281_0:300:2573:1747_1920x0_80_0_0_0b94c575b5b12529f81db90ec040919e.jpg
АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Лондонға (Ұлыбритания) және Бодрумға (Түркия) ұша бастайды.Лондонға аптасына екі рет ұшады 12 мамырдан бастап Air Astana Алматы – Лондон халықаралық рейсін орындайды. Жолда Ақтау қаласының әуежайына тоқтайды. Осылайша аптасына 2 рет бейсенбі және сенбі күндері жолаушыларды тасымалдайды. Рейстер A321 LR әуе лайнерінде орындалады. Нұр-Сұлтан қаласынан баратын жолаушылар Ақтау – Лондон рейсіне Нұр-Сұлтан – Ақтау ішкі рейсі арқылы жетіп, ұша алады. КС 901 рейсі Алматыдан сағат 10.45-те ұшып, Ақтауға сағат 13.05-те жетеді. Ақтау қаласынан Лондонға сағат 14.05-те ұшып, Лондонға сағат 16.50-де жетеді. 18.05-те кері ұшып, Ақтауға сағат 04.10-да жетеді. Ақтаудан Алматыға 05.10-да шығып, сағат 09.00-де келеді. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген. Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 292 844 теңгені, бизнес-класта 1 181 703 теңгені құрайды. Ұлыбританияға кіру үшін ПТР мен вакцинация қажет емес. 31 мамырға дейін Лондоннан Қазақстанға ұшатындар үшін эконом-класта науқандық тарифтер қолжетімді. Бодрумға саяхат 27 мамырдан бастап әуекомпания сейсенбі және жұма күндері Airbus A321 әуе кемесінде Алматы – Бодрум тұрақты рейсін іске қосады. 27 мамырдан 7 маусымға дейін Бодрумнан Алматыға ұшатын эконом-класс үшін науқандық тарифтер қолжетімді. КС 659 рейсі Алматыдан сағат 08.30-да ұшып, Бодрумға сағат 11.50-де жетеді. КС 660 кері рейсі Бодрумнан сағат 13.45-те ұшып, Алматыға сағат 22.05-те келеді. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген. Вакцина салдырмаған 12 жастан асқан жолаушыда рейс ұшқанға дейін 72 сағат бұрын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест анықтамасы болуы қажет. Сондай-ақ 48 сағат ішінде жасалған антигенді анықтайтын экспресс тест жарамды. Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 230 743 теңгені, бизнес-класта 623 675 теңгені құрайды.
түркия
лондон
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/05/18/17138281_0:59:2573:1989_1920x0_80_0_0_f7411c1f8b8abbc4bbe8bb7c051f6934.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, түркия, лондон
Air Astana Алматыдан Лондонға және Бодрумға ұша бастайды
08:56 26.04.2022 (жаңартылды: 08:57 26.04.2022) 31 мамырға дейін Лондоннан Қазақстанға ұшатындар үшін эконом-класта науқандық тарифтер қолжетімді
АЛМАТЫ, 26 сәуір – Sputnik. Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан Лондонға (Ұлыбритания) және Бодрумға (Түркия) ұша бастайды.
Лондонға аптасына екі рет ұшады
12 мамырдан бастап Air Astana Алматы – Лондон халықаралық рейсін орындайды. Жолда Ақтау қаласының әуежайына тоқтайды. Осылайша аптасына 2 рет бейсенбі және сенбі күндері жолаушыларды тасымалдайды.
Рейстер A321 LR әуе лайнерінде орындалады. Нұр-Сұлтан қаласынан баратын жолаушылар Ақтау – Лондон рейсіне Нұр-Сұлтан – Ақтау ішкі рейсі арқылы жетіп, ұша алады. КС 901 рейсі Алматыдан сағат 10.45-те ұшып, Ақтауға сағат 13.05-те жетеді.
Ақтау қаласынан Лондонға сағат 14.05-те ұшып, Лондонға сағат 16.50-де жетеді. 18.05-те кері ұшып, Ақтауға сағат 04.10-да жетеді. Ақтаудан Алматыға 05.10-да шығып, сағат 09.00-де келеді.
Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген. Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 292 844 теңгені, бизнес-класта 1 181 703 теңгені құрайды. Ұлыбританияға кіру үшін ПТР мен вакцинация қажет емес.
31 мамырға дейін Лондоннан Қазақстанға ұшатындар үшін эконом-класта науқандық тарифтер қолжетімді.
27 мамырдан бастап әуекомпания сейсенбі және жұма күндері Airbus A321 әуе кемесінде Алматы – Бодрум тұрақты рейсін іске қосады. 27 мамырдан 7 маусымға дейін Бодрумнан Алматыға ұшатын эконом-класс үшін науқандық тарифтер қолжетімді.
КС 659 рейсі Алматыдан сағат 08.30-да ұшып, Бодрумға сағат 11.50-де жетеді. КС 660 кері рейсі Бодрумнан сағат 13.45-те ұшып, Алматыға сағат 22.05-те келеді. Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген.
Вакцина салдырмаған 12 жастан асқан жолаушыда рейс ұшқанға дейін 72 сағат бұрын коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тест анықтамасы болуы қажет. Сондай-ақ 48 сағат ішінде жасалған антигенді анықтайтын экспресс тест жарамды.
Эконом-класта бару-келу билетінің ең төменгі құны алымдарды есепке алғанда 230 743 теңгені, бизнес-класта 623 675 теңгені құрайды.