Саясат

Adal партиясы Amanat-қа қосылды

© Sputnik / Владислав ВодневОфис партии "Аманат" в Нур-Султане
Офис партии Аманат в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Жазылу
Партия хатшысының айтуынша, Adal партиясының құрамында белсенді жастар көп
НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Adal партиясы Amanat-қа қосылды. Amanat партиясының кезектен тыс съезінде осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Басқарушы партияның кезектен тыс XXIII съезі онлайн режимде өтті. Оған барлық аймақтың делегаттары қатысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Ақордадан онлайн байланыс арқылы қосылды. Партия хатшысы Асхат Ораловтың айтуынша, Adal партиясының құрамында белсенді жастар көп.
"Сондықтан Adal партиясының қосылуы Amanat-тың жастар қанатының әлеуетін арттырады", - деді Оралов.
Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бері үшінші рет жиналып отырғанын жеткізді. Алдағы конституциялық реформа аясында саяси ұйымға үлкен үміт артылып отырғанын ерекше атап өтті.
"Жаңа Қазақстанды құрамыз десек, елге жанашыр қоғамдық-саяси күштердің бәрі жұмылуы керек. Бұл ретте партиялардың өзара тіл табысып, саяси жүйені дамытуы аса маңызды. Сондықтан Adal партиясының бастамасын қолдап, онымен біріккен жөн деп санаймын. Adal - өз жақтастары бар қалыптасқан партия. Саяси бәсеке артып келе жатқан қазіргі кезеңде мұның айрықша мәні зор", - деді Тоқаев.
Президент осы маңызды қадам Amanat партиясын жаңғыртып, күшейте түсуге септігін тигізеді деген ойын білдірді.
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.04.2022
Саясат
Тоқаев Amanat партиясынан шықты
Жаңалықтар
0