https://sputnik.kz/20220425/zhezqazgan-shumakher-auktsion-24449838.html
Жезқазғанда екі "шумахердің" көлігі аукцион арқылы сатылуы мүмкін
Жезқазғанда екі "шумахердің" көлігі аукцион арқылы сатылуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Ресми мәліметке сәйкес, "ВАЗ-2115" маркалы көлік жүргізушісінің жол ережесін бұзу фактілері жылдамдықты өлшеу құралдарында тіркелген 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T21:51+0500
2022-04-25T21:51+0500
2022-04-25T21:51+0500
қоғам
көлік
айыппұл
https://sputnik.kz/img/462/90/4629008_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_099d643dbd128e3986c463f70f1ff3cd.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Жезқазған қаласында жылдамдық режимін бұзған екі көлік жүргізушісі ұсталды. Біреуі екі айдың ішінде ғана 3 миллион теңгеден асатын айыппұлды арқалап, төлемей жүрген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Ресми мәліметке сәйкес, "ВАЗ-2115" маркалы көлік жүргізушісінің жол ережесін бұзу фактілері жылдамдықты өлшеу құралдарында тіркелген. Оның атына 3,5 миллион теңгенің айыппұлы жазылды. Одан бөлек, тағы бір ВАЗ-2114 көлігі ұсталды. Оның жүргізушісі де қатты жылдамдықты жақсы көреді. Ол 1 миллион 200 мың теңгенің айыппұлын "жинап шыққан". Екеуі де Жезқазған қаласында тұрады. "Қазіргі кезде екі көлік айыппұл тұрағына қойылды. Егер иелері барлық айыппұлды төлемесе, көліктер айыппұлды төлеу мақсатында тәркіленетін болады", - дейді полицейлер. Айта кетері, былтыр Жезқазған қаласында шұғыл басқару орталығы іске қосылған. Мамандар бейнебақылау камералары арқылы тәртіп бұзу фактілерін тіркеп отырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/462/90/4629008_21:0:1728:1280_1920x0_80_0_0_16e9e82fca6b14af56d87f83825d3a78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, айыппұл
Жезқазғанда екі "шумахердің" көлігі аукцион арқылы сатылуы мүмкін
Ресми мәліметке сәйкес, "ВАЗ-2115" маркалы көлік жүргізушісінің жол ережесін бұзу фактілері жылдамдықты өлшеу құралдарында тіркелген
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Жезқазған қаласында жылдамдық режимін бұзған екі көлік жүргізушісі ұсталды. Біреуі екі айдың ішінде ғана 3 миллион теңгеден асатын айыппұлды арқалап, төлемей жүрген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Қарағанды облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, "ВАЗ-2115" маркалы көлік жүргізушісінің жол ережесін бұзу фактілері жылдамдықты өлшеу құралдарында тіркелген. Оның атына 3,5 миллион теңгенің айыппұлы жазылды.
Одан бөлек, тағы бір ВАЗ-2114 көлігі ұсталды. Оның жүргізушісі де қатты жылдамдықты жақсы көреді. Ол 1 миллион 200 мың теңгенің айыппұлын "жинап шыққан". Екеуі де Жезқазған қаласында тұрады.
"Қазіргі кезде екі көлік айыппұл тұрағына қойылды. Егер иелері барлық айыппұлды төлемесе, көліктер айыппұлды төлеу мақсатында тәркіленетін болады", - дейді полицейлер.
Айта кетері, былтыр Жезқазған қаласында шұғыл басқару орталығы іске қосылған. Мамандар бейнебақылау камералары арқылы тәртіп бұзу фактілерін тіркеп отырады.