https://sputnik.kz/20220425/zher-khalyq-tabigi-resurstar-tabys-khalyq-24443422.html
Жер халыққа тиесілі болады - табиғат ресурстарынан түсетін табыс азаматтарға беріле ме
Жер халыққа тиесілі болады - табиғат ресурстарынан түсетін табыс азаматтарға беріле ме
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов Конституцияға енгізілетін "жердің және табиғат ресурстарының иесі халық" деген... 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T15:46+0500
2022-04-25T15:46+0500
2022-04-25T15:50+0500
қоғам
жер
халық
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18292859_0:0:1811:1019_1920x0_80_0_0_01838aef794eb4748f2f16ae4026c7e1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов Конституцияға енгізілетін "жердің және табиғат ресурстарының иесі халық" деген норманы түсіндіріп, одан түсетін табыстың бір бөлігін халыққа беру мәселесіне қатысты пікір білдірі. Маман конституциялық түзетулерді әзірлеген жұмыс тобының құрамына кіреді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Бұл – императивтік норма, жер, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қатысты конституциялық ереженің негізгі бөлімі. Бұның барлығы халыққа тиесілі, сөзсіз солай ғой. Осы норманы енгізіп отыр. Енді, халық, әрбір адам өзі табиғат байлықтарына иелік етіп таратса, хаос мен тәртіпсіздік болады. Сондықтан мемлекет халықтың атынан меншік құқығын іске асырады. Президент те, парламент те халықпен сайланады ғой. Барлық шешім ақылдасып шығарылады. Ең бастысы, мемлекет елдің мүддесін көздеуі тиіс", - деді Әбдірасылов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.Осы орайда тілшілер болашақта табиғи ресурстардан түсетін табыстың бір бөлігін халық тарату мәселесін қозғап, оны іске асыру мүмкіндігін сұрады. Заңгердің айтуынша, ол мәселені халықтың парламенттегі өкілдері – депутаттар көтеруі керек.Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды саналатын жерге иелік ету мәселесін шешу қажеттігіне арнайы тоқталған болатын. Осыған байланысты президенті "Жердің және табиғат ресурстарының иесі - халық" деген норманы Конституцияда біржола бекітуді ұсынды."Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: "Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы", – деді Тоқаев Ақордада өткен жиында.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18292859_226:0:1585:1019_1920x0_80_0_0_c366a66db37e5ddf5f56a67bc309f0f5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер, халық, қасым-жомарт тоқаев
жер, халық, қасым-жомарт тоқаев
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасылов Конституцияға енгізілетін "жердің және табиғат ресурстарының иесі халық" деген норманы түсіндіріп, одан түсетін табыстың бір бөлігін халыққа беру мәселесіне қатысты пікір білдірі. Маман конституциялық түзетулерді әзірлеген жұмыс тобының құрамына кіреді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл – императивтік норма, жер, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қатысты конституциялық ереженің негізгі бөлімі. Бұның барлығы халыққа тиесілі, сөзсіз солай ғой. Осы норманы енгізіп отыр. Енді, халық, әрбір адам өзі табиғат байлықтарына иелік етіп таратса, хаос мен тәртіпсіздік болады. Сондықтан мемлекет халықтың атынан меншік құқығын іске асырады. Президент те, парламент те халықпен сайланады ғой. Барлық шешім ақылдасып шығарылады. Ең бастысы, мемлекет елдің мүддесін көздеуі тиіс", - деді Әбдірасылов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Осы орайда тілшілер болашақта табиғи ресурстардан түсетін табыстың бір бөлігін халық тарату мәселесін қозғап, оны іске асыру мүмкіндігін сұрады. Заңгердің айтуынша, ол мәселені халықтың парламенттегі өкілдері – депутаттар көтеруі керек.
"Меніңше, арнайы заңдар болады. Сонда Конституцияның императивтік нормасы, яғни, "жер мен табиғат ресурстары халыққа тиесілі" деген міндетті норманың негізінде басқа мәселелерді барынша айқындайтын нормалар қабылданады. Дәл қазір солай болады деп айту қиын. Оны парламенттегі халықтың өкілдері шешеді деп ойлаймын. Әрине, президент пен үкімет те атсалысады. Сөйтіп, бірлесіп шешіледі", - деп атап көрсетті Әбдірасылов.
Айта кетері, Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды саналатын жерге иелік ету мәселесін шешу қажеттігіне арнайы тоқталған болатын. Осыған байланысты президенті "Жердің және табиғат ресурстарының иесі - халық" деген норманы Конституцияда біржола бекітуді ұсынды.
"Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: "Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы", – деді Тоқаев Ақордада өткен жиында.