https://sputnik.kz/20220425/whatsapp-dostar-qyz-ayyppul-24449017.html
WhatsApp арқылы достарын алдаған елордалық қызға 91 мың теңге айыппұл салынды
WhatsApp арқылы достарын алдаған елордалық қызға 91 мың теңге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
Қыз WhatsApp-тағы топқа такси жүргізушісі өзін ұрлап кеткенін жазып, достарынан көмек сұраған 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T17:42+0500
2022-04-25T17:42+0500
2022-04-25T17:42+0500
қоғам
whatsapp
айыппұл
https://sputnik.kz/img/201/47/2014705_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_a34bb4e963e9d3f2e64c9faccaec832f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда достарымен әзілдеспек болған 19 жастағы қыз 91 мың теңге айыппұл арқалады.Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, түнгі бір жарымда "102" арнасына Е-565 көшесінде "Индрайвер" арқылы жолаушы таситын "Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісі қызды белгісіз бағытта алып кеткені туралы ақпарат түсті."Жас қыз WhatsApp мессенджеріндегі топқа өзін ұрлап әкетіп бара жатқанын айтып, достарынан көмек сұраған. Алайда тексеріс барысында мұндай факті расталған жоқ", - делінген хабарламада.Анықталғандай, 19 жастағы бойжеткен чаттағы достарымен осылай әзілдеспек болған.Бұл факті бойынша елорда тұрғыны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабы "Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру" бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 30 АЕК немесе 91 890 теңге айыппұл салынды.Сонымен қатар, полицейлер қызбен профилактикалық әңгіме жүргізді.
https://sputnik.kz/20210915/Studenttik-askhana-video-18130432.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/201/47/2014705_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_fa281f9bdc19fd7475e4f75b10d525f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
whatsapp, айыппұл
WhatsApp арқылы достарын алдаған елордалық қызға 91 мың теңге айыппұл салынды
Қыз WhatsApp-тағы топқа такси жүргізушісі өзін ұрлап кеткенін жазып, достарынан көмек сұраған
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда достарымен әзілдеспек болған 19 жастағы қыз 91 мың теңге айыппұл арқалады.
Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, түнгі бір жарымда "102" арнасына Е-565 көшесінде "Индрайвер" арқылы жолаушы таситын "Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісі қызды белгісіз бағытта алып кеткені туралы ақпарат түсті.
"Жас қыз WhatsApp мессенджеріндегі топқа өзін ұрлап әкетіп бара жатқанын айтып, достарынан көмек сұраған. Алайда тексеріс барысында мұндай факті расталған жоқ", - делінген хабарламада.
Анықталғандай, 19 жастағы бойжеткен чаттағы достарымен осылай әзілдеспек болған.
Бұл факті бойынша елорда тұрғыны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 438-бабы "Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыру" бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Оған 30 АЕК немесе 91 890 теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, полицейлер қызбен профилактикалық әңгіме жүргізді.