https://sputnik.kz/20220425/sqo-balyq-qyryldy-24428804.html
СҚО-да тағы екі көлде балық қырылды
СҚО-да тағы екі көлде балық қырылды
Sputnik Қазақстан
Өңірде бір аптаның ішінде алты бірдей жерде балықтың қырылуы тіркелді 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T09:50+0500
2022-04-25T09:50+0500
2023-08-09T12:49+0500
оқиға
балық
көл
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/1374/08/13740877_0:75:1280:795_1920x0_80_0_0_f23ed2c4011788fc5e987d3216b4fcc9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында тағы балық қырылды. Осы жолы Жекекөл мен Пестрое көлдерінде балық өлексесі судың бетіне қалқып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Облыстық экология департаментінің мәліметіне сәйкес, Пестрое көлінде мөңкенің қырылғаны тіркелді. Көл Петропавл қаласына жақын жерде орналасқан."Су тоғанын "Ника-Гарант" ЖШС жалға алған. Сол жерде жұмыс тобы барды. Оның құрамында облыстық экология департаменті, балық шаруашылығы инспекциясы мен табиғи ресурстар басқармасының мамандары бар. Олар көлді қарап шықты. Судың сынамасы алынды. Сондай-ақ, балықты зертханаға алып кетті", - дейді департамент мамандары. Арнайы жұмыс тобы Жекекөлге де жіберілді. Су тоғаны Жамбыл ауданында орналасқан және "Алхиан" жеке кәсіпкерлігіне қарайды. Балық пен судан сынама алынды. Айта кетері, Солтүстік Қазақстан облысында бір аптаның ішінде алты бірдей жерде балықтың қырылуы тіркелді. Басында Қызылжар ауданындағы Бугровое көлінде балық өлсе, келесі үні Тайынша ауданында Шағалалы көлінің балығы қырылды. Дәл сондай жағдай Пресновка ауылына жақын Пруд көлінде және Айыртау ауданындағы Логовое көлінде тіркелді.
https://sputnik.kz/20211202/Atyrau-usynsyz-balyk-video-18807953.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1374/08/13740877_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_c866c48afa5715090795799bb299b62e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық, көл, солтүстік қазақстан облысы
балық, көл, солтүстік қазақстан облысы
СҚО-да тағы екі көлде балық қырылды
09:50 25.04.2022 (жаңартылды: 12:49 09.08.2023) Өңірде бір аптаның ішінде алты бірдей жерде балықтың қырылуы тіркелді
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында тағы балық қырылды. Осы жолы Жекекөл мен Пестрое көлдерінде балық өлексесі судың бетіне қалқып шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Облыстық экология департаментінің мәліметіне сәйкес, Пестрое көлінде мөңкенің қырылғаны тіркелді. Көл Петропавл қаласына жақын жерде орналасқан.
"Су тоғанын "Ника-Гарант" ЖШС жалға алған. Сол жерде жұмыс тобы барды. Оның құрамында облыстық экология департаменті, балық шаруашылығы инспекциясы мен табиғи ресурстар басқармасының мамандары бар. Олар көлді қарап шықты. Судың сынамасы алынды. Сондай-ақ, балықты зертханаға алып кетті", - дейді департамент мамандары.
Арнайы жұмыс тобы Жекекөлге де жіберілді. Су тоғаны Жамбыл ауданында орналасқан және "Алхиан" жеке кәсіпкерлігіне қарайды. Балық пен судан сынама алынды.
Айта кетері, Солтүстік Қазақстан облысында бір аптаның ішінде алты бірдей жерде балықтың қырылуы тіркелді. Басында Қызылжар ауданындағы Бугровое көлінде балық өлсе, келесі үні Тайынша ауданында Шағалалы көлінің балығы қырылды.
Дәл сондай жағдай Пресновка ауылына жақын Пруд көлінде және Айыртау ауданындағы Логовое көлінде тіркелді.