Оқиға

Оңтүстікте Қазығұрт және Сарыағаш ауданында бес ауылды су басты - видео

© Photo : Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіҚазығұрт пен Сарыағашты су басты
Қазығұрт пен Сарыағашты су басты - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Жазылу
Көшелерді, үйлердің ауласын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылды
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Түркістан облысы Қазығұрт және Сарыағаш ауданында қатты жауын-шашын салдарынан бірнеше елді мекенді су басты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"24 сәуірде Түркістан облысында қатты жауын-шашын салдарынан Қазығұрт ауданының 4 елді мекенінде және Сарыағаш ауданының 1 елді мекенінде 53 үйдің ауласына, 18 үйдің, 1 тойхананың, 16 шаруашылық құрылыстың ішіне су кірген. Су басқан аумақтардан 50 адам эвакуацияланып, барлығы туыстарының үйіне тарады. Сондай-ақ, үй жануарлары қырылған, саны анықталып жатыр", - деп хабарлады Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Қазір тұрғын үйлердің аумағын су баспауы үшін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жаңбыр суын сору жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Аудандық өрт сөндіру бөлімі мен бекеттерінің, жергілікті ауыл әкімдіктерінің ұйымдастыруымен су сорғыштар көшелер мен үйдің аулаларына толған суды шығарумен айналысып жатыр", - делінген ақпаратта.

Жұмысқа төтенше жағдайлар департаментінің 56 қызметкері, 9 техника, 11 мотопомпа және жергілікті атқарушы органдардың 19 қызметкері, 6 техника, 2 мотопомпа жұмылдырылған.
Сонымен қатар көшелерді, үйлердің ауласын су басу фактісіне байланысты аудан әкімдігінің жедел желісі іске қосылды.
Жаңалықтар
0