Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған полицейдің екі бүйрегі істен шықты

© REUTERS / MIKE BLAKEПациент
Пациент - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Жазылу
Полицей қазір гемодиализ көмегімен өмір сүріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қаңтар оқиғалары кезінде ауыр жарақат алған учаскелік инспектордың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мысалы, Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздік барысында содырлар тарапынан Республика алаңында қоғамдық тәртіпті сақтауды жүзеге асырған Әуезов аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторы ауыр жарақат алды. Ереуілшілер оны аяусыз ұрып-соққан", - деді Әділов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Учаскелік инспекторды мойнынан металл арматурамен ұрған. Соның салдарынан мойын омыртқасы зақымданды.
"Алған жарақаттардың салдарынан екі бүйрегі де істен шықты, оның өмірін күн сайын гемодиализ қамтамасыз етіп жүр. Ол өз отбасының жалғыз асыраушысы", - деп атап көрсетті Әділов.
Қазіргі кезде полиция қызметкері дәрігерлердің бақылауында жатыр. Оған білікті медициналық көмек көрсетіледі.
Жаңалықтар
0