https://sputnik.kz/20220425/bas-prokuratura-zamanbek-nurqadilov-24442255.html
Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты іс қайта қаралмайтын болды
Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты іс қайта қаралмайтын болды
Sputnik Қазақстан
Ресми қорытындыға сәйкес, Нұрқаділов өз-өзіне қол салған 25.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-25T15:09+0500
2022-04-25T15:09+0500
2022-04-25T15:09+0500
қоғам
заманбек нұрқаділов
бас прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_0:42:1281:762_1920x0_80_0_0_7846e4b5f2b9f1efdbbbc6468f676305.jpg
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты істі қайта қараудан бас тартты. Бұл туралы Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов Nege.kz порталына мәлімдеді. Айта кетері, бұған дейін Қайрат Нұрқаділов Бас прокуратураға арыз жазып, әкесінің қазасына қатысты істі қайта қарауды сұраған. Бас прокуратура жауабында кісі өліміне суицид себеп болғандықтан, тергеу органдарының шешімін өзгертуге негіз жоқ екені айтылған. Қайрат Нұрқаділовтің айтуынша, мамандар істі архивтен алып, 7 томды қараған. Алайда алған жауабына көңілі толмай отыр. Ол мамандардың не себепті істі қайта қарағысы келмейтіні өзі үшін жұмбақ екенін айтып, журналистер арқылы қоғамнан көмек сұрайтынын жеткізді. Заманбек Нұрқаділовтың өлімі Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2015 жылы 12 қараша күні қаза тапты. Оның денесінде үш оқтың ізі болды. Екеуі кеудесінде, біреуі басына тиген. Ресми қорытындыға сәйкес, Нұрқаділов өз-өзіне қол салған. Танымал әнші Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің жұбайы болған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_57:0:1194:853_1920x0_80_0_0_36937ae3a41902bf3c3d96e745ed6d35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заманбек нұрқаділов, бас прокуратура
заманбек нұрқаділов, бас прокуратура
Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты іс қайта қаралмайтын болды
Ресми қорытындыға сәйкес, Нұрқаділов өз-өзіне қол салған
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің өліміне қатысты істі қайта қараудан бас тартты. Бұл туралы Заманбек Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Нұрқаділов
Nege.kz порталына мәлімдеді.
Айта кетері, бұған дейін Қайрат Нұрқаділов Бас прокуратураға арыз жазып, әкесінің қазасына қатысты істі қайта қарауды сұраған. Бас прокуратура жауабында кісі өліміне суицид себеп болғандықтан, тергеу органдарының шешімін өзгертуге негіз жоқ екені айтылған.
"Сот сараптамасы мен басқа да дәлелдер суицид жасағаны туралы қорытындыға сай келеді. Психолого-психиатриялық кешенді сот сараптамасы (918, 12.01.2006, өлген соң) да соны көрсетеді. Құжатқа сай, сол кезеңде З. Нұрқаділовтің невротикалық депрессияда болғаны суицидке апарған себептердің бірі болуы мүмкін. Сондай-ақ әкеңізді өзіне қол жұмсауға жеткізгенін анықтау мүмкін емес, себебі қылмыс құрамы болмағандықтан, іс 2006 жылдың 16 қарашасында жабылған", - делінген Қайрат Нұрқаділовке берілген Бас прокуратура жауабында.
Қайрат Нұрқаділовтің айтуынша, мамандар істі архивтен алып, 7 томды қараған. Алайда алған жауабына көңілі толмай отыр.
Ол мамандардың не себепті істі қайта қарағысы келмейтіні өзі үшін жұмбақ екенін айтып, журналистер арқылы қоғамнан көмек сұрайтынын жеткізді.
Заманбек Нұрқаділовтың өлімі
Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2015 жылы 12 қараша күні қаза тапты. Оның денесінде үш оқтың ізі болды. Екеуі кеудесінде, біреуі басына тиген.
Ресми қорытындыға сәйкес, Нұрқаділов өз-өзіне қол салған. Танымал әнші Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің жұбайы болған.