Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Бас прокуратура Талдықорғандағы бүлік қалай басталғанын айтты

© Sputnik / Жанна ЕтекбаеваЗдание Департамента полиции Алматинской области пострадало в результате январских беспорядков
Здание Департамента полиции Алматинской области пострадало в результате январских беспорядков - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Бас прокуратура Талдықорған қаласындағы жаппай тәртіпсіздіктер қалай басталғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
1-ші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың айтуынша, 4 қаңтарда екі азамат мүлікті жою және билікке қарсы күш қолдануды ұйымдастыруға алдын ала сөз байласқан. Соңғысы бұған дейін сотты болған.
"5 қаңтарда бұл адамдар әлеуметтік желілер арқылы Талдықорған қаласындағы шағын ауданда 400 адамды жинап, осы жерде оларға облыс әкімдігін басып алу үшін толық нұсқау берген. Содан ұйымдасқан топ орталық алаңға қарай жүріп, жол бойында тастармен және металл кесінділермен қаруланып алды. Агрессивті топ қолда бар құралдардың көмегімен полицияның қоршауын бұзып өтіп, облыс әкімдігінің ғимаратын өртеді", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, топ басшылары жазаға тартылмайтынын сезіп, тағы 500 адамды қосып алды. Одан кейін барлығы Талдықорған қалалық полиция басқармасының ғимаратын басып алуға аттанды.
"Олардың қылмыстық әрекеттерінен полицияның ғимараты 80 пайызға жойылды", - деп атап көрсетті Қилымжанов.
Жаңалықтар
0