Оқиға

Солтүстік Қазақстандағы жол апатында жолаушы қыз қайтыс болды

© SputnikАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Жазылу
Куәгерлердің айтуынша, "Газель" жүргізушісі ұйықтап кеткен немесе жағдайы нашарлаған
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында жолаушыларды таситын шағын автобус жолдан ұшып кетті. Оқиға орнында 17 жастағы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жол апаты туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды.
Куәгерлердің айтуынша, "Газель" жүргізушісі ұйықтап кеткен немесе жағдайы нашарлаған. Содан рөлге ие бола алмай, жолдан шығып, орманның ішіндегі ағаштарға соғылған.
Салонда болған жолаушы қыз жедел жәрдем келмей тұрып қайтыс болды.
Сол "Газельде" болған бір жолаушы әлеуметтік желіде пікір қалдырды.
"Мен баламен бірге дәл осы "Газельде" болдым. Қызымды жауып қалды. Соның арқасында аман қалды. Ал менің сол жақ жауырыным сынып қалған. Басымнан жарақат алдым", - деп жазды жолаушы әйел.
Жол апаты кезінде тағы бірнеше адам жарақат алған.
Қызылжар аудандық полиция департаменті осы ақпаратты растады.
Ресми мәліметке сәйкес, 23 сәуірде күндіз сағат 14.00-де "Челябинск – Новосибирск" тас жолының 557 шақырымында "ГАЗ-А65R52" маркалы шағын автобус жол апатына түсті.
"Оқиға орнында 2005 жылы туған жолаушы көз жұмды. Аурухана түрлі жарақаттармен бес адам жеткізілді", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 354-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Тергеушілер жол апатының мән-жайын анықтауға кірісті. Айта кетері, көлік жүргізушісі бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0