https://sputnik.kz/20220424/qazaqstannyn--paluany-aziya-chempionaty-24417312.html
Қазақстанның үш балуаны Азия чемпионатының финалына шықты
Қазақстанның үш балуаны Азия чемпионатының финалына шықты
Sputnik Қазақстан
Ал әйелдер арасындағы жарыстарда төрт жүлде бар 24.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-24T14:27+0500
2022-04-24T14:27+0500
2022-04-24T14:27+0500
спорт
азия чемпионаты
қазақстандық балуан
https://sputnik.kz/img/1159/17/11591743_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_90d9c9aa7e04371161e80e8cee7b8e47.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Моңғолияда еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін ерлер арасындағы жарыстардың жеңімпаздары анықталады. Қазақстанның үш палуаны финалда белдеседі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап. 74 келі салмақта Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда қырғыз палуаны Исламбек Орозбековты (15:8) жеңіп, финалға шықты. Ақтық бәсекеде Қайпанов ирандық Йонес Әлиақба Эмамичогаеимен кездеседі. Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) те қырғыз спортшысы Саяқбай Юсуповты (10:0) жеңді. Финалға оған қарсы үндістандық Дипак Пуния шығады.Ал Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) жартылай финалда Оңтүстік Кореядан келген Йехён Чонды (9:6) тізе бүктіріп, финалға шықты. Ерғали алтын медаль үшін ирандық Йадоллах Мохаммадказем Мохебимен белдеседі.Бұдан бөлек, тағы екі жерлесіміз қола үшін таласады. Олар – Ақбар Құрбанов (61 келіге дейін) және Әділет Давлумбаев (92 киліге дейін). Финалдық бәсекелер бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16:00-де басталады.Айта кетері, әйелдер арасындағы жарыстарда төрт жүлдеміз бар. Апалы-сіңлілі Мәдина және Жәмила Бақбергеновалар Азия чемпионы атанса, Гүлмарал Еркебаева күміс жүлдені, ал Жұлдыз Ешімова қола жүлдені жеңіп алды.
https://sputnik.kz/20220424/qyrgyz-sportshy-video-24416332.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1159/17/11591743_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_50cf69a24357711549b4dea270da5f24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азия чемпионаты, қазақстандық балуан
азия чемпионаты, қазақстандық балуан
Қазақстанның үш балуаны Азия чемпионатының финалына шықты
Ал әйелдер арасындағы жарыстарда төрт жүлде бар
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Моңғолияда еркін күрестен Азия чемпионаты аяқталуға жақын. Бүгін ерлер арасындағы жарыстардың жеңімпаздары анықталады. Қазақстанның үш палуаны финалда белдеседі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
74 келі салмақта Нұрқожа Қайпанов жартылай финалда қырғыз палуаны Исламбек Орозбековты (15:8) жеңіп, финалға шықты. Ақтық бәсекеде Қайпанов ирандық Йонес Әлиақба Эмамичогаеимен кездеседі.
Азамат Дәулетбеков (86 келіге дейін) те қырғыз спортшысы Саяқбай Юсуповты (10:0) жеңді. Финалға оған қарсы үндістандық Дипак Пуния шығады.
Ал Әлішер Ерғали (125 келіге дейін) жартылай финалда Оңтүстік Кореядан келген Йехён Чонды (9:6) тізе бүктіріп, финалға шықты. Ерғали алтын медаль үшін ирандық Йадоллах Мохаммадказем Мохебимен белдеседі.
Бұдан бөлек, тағы екі жерлесіміз қола үшін таласады. Олар – Ақбар Құрбанов (61 келіге дейін) және Әділет Давлумбаев (92 киліге дейін). Финалдық бәсекелер бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 16:00-де басталады.
Айта кетері, әйелдер арасындағы жарыстарда төрт жүлдеміз бар. Апалы-сіңлілі Мәдина және Жәмила Бақбергеновалар Азия чемпионы атанса, Гүлмарал Еркебаева күміс жүлдені, ал Жұлдыз Ешімова қола жүлдені жеңіп алды.