Спорт

Қазақ балуаны Азия чемпионы атанды

© Sputnik / Михаил Киреев / Медиабанкке өтуКазахстанский болельщик
Казахстанский болельщик - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Жазылу
Бүгін Ақбар Құрбанов қола жүлдені жеңіп алса, Нұрқожа Қайпанов күміс медальге ие болды
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстандық спортшы Азамат Дәулетбеков (86 келі) еркін күрестен Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақтық белдесуде Дәулетбеков үндістандық Дипак Пуниямен кездесті. Бірінші кезеңде Дәулетбеков сәтті әдіс жасап, бір ұпаймен алға шыққан. Артынан сылбыр қимылдағаны үшін ескерту алып, бір ұпайын беріп қойды.
Бірақ қазақ балуаны тағы екі ұпайын жұлып алды. Сөйтіп, 3:1 есебімен алға шықты. Ал екінші кезеңде тағы үш ұпайға ие болды. Осылайша, 6:1 есебімен жеңіске жетіп, Азия чемпионы атанды.
Жартылай финалда Дәулетбеков қырғыз балуаны Саяқбай Юсуповты айқын басымдықпен (10:0) жеңген.
Айта кетері, бүгін Ақбар Құрбанов (61 келі) қола жүлдені жеңіп алса, Нұрқожа Қайпанов (74 келі) күміс медальге ие болды.
Видео скрин - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Спорт
Қырғыз елі қазақтың спортшы қызы жасаған әрекетке риза болды – видео
Жаңалықтар
0