Спорт

Нұрқожа Қайпанов Азия чемпионатының күміс жүлдесін алды

© Sputnik / Владислав ВодневНұрқожа Қайпанов
Нұрқожа Қайпанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Жазылу
Бұған дейін тағы бір балуанымыз Ақбар Құрбанов қола жүлдені жеңіп алған
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстандық балуан Нұрқожа Қайпанов финалда ұтылып, Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
74 келі салмақ дәрежесінде өткен ақтық белдесуде Қайпанов ирандық Йонес Әлиақба Эмамичогаеимен кездескен. Қарсыласы бірден әдісін жасап, 5 ұпаймен алға шықты. Ал қазақстандық балуан белдесудің соңына қарай белсенділік таныта бастады. Екі ұпайын да алды. Бірақ одан аса алмады. Осылайша, екі дүркін Азия чемпионы Нұрқожа Қайпанов 2:5 есебімен ұтылып, күміс жүлдені алды.
Бұған дейін тағы бір балуанымыз Ақбар Құрбанов (61 келі) қола жүлдені жеңіп алған. Айта кетері, еркін күрестін Азия чемпионаты Моңғолияның Ұланбатыр қаласында өтіп жатыр.
Әйелдер арасындағы жарыстарда апалы-сіңлілі Мәдина және Жәмила Бақбергеновалар Азия чемпионы атанса, Гүлмарал Еркебаева күміс жүлдені, ал Жұлдыз Ешімова қола жүлдені жеңіп алды.
Видео скрин - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Спорт
Қырғыз елі қазақтың спортшы қызы жасаған әрекетке риза болды – видео
Жаңалықтар
0