Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі көше жабылады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтужол жөндеу
жол жөндеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Жазылу
Жол учаскелері 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында жабық болады
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Автомобиль қозғалысы Қабанбай батыр даңғылы мен Ш.Қосшығұлұлы көшесі бойынша жолдардың орташа жөнделуіне байланысты ішінара жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментің әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қабанбай батыр даңғылы мен Ш.Қосшығұлұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы хабарлайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Осыған байланысты, 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен 23 сәуір мен 25 мамыр аралығында Ш.Қосшығұлұлы көшесінің бойында Қорғалжын тас жолынан Сарайшық көшесіне дейін және Қ. Күмісбеков көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейін автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады.
Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
Басқармада келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және қала тұрғындарын жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауға шақырады.
Жаңалықтар
0