Білім министрі баласымен бірге оқыған кітабын еске алды

© Sputnik / Владислав ВодневАсхат Аймағамбетов
Асхат Аймағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2022
Жазылу
Бүгінде осы кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы да бар
НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов баласымен бірге оқып шыққан кітабы туралы жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министр 2017 жылы "Wonder" деп аталатын киноны алғаш рет көріп, ерекше әсерде болғанын еске алды. Артынан кітабын ұлым бірге оқып шықты.
"Шынымды айтсам, киносын көріп алғаннан кейін үлкен әсер аламын деп ойламадым. Бірақ бірінші беттен-ақ барлығын ұмытып, басынан аяғына дейін бір деммен оқып шықтық. Біресе күлкілі болса, сәлден кейін аянышты… Басынан аяғына дейін осындай эмоция толқынына бірде көтеріліп, бірде түсесің. Сондай мейірімді, шынайы, жүрекке жылы, тәрбиелік маңызы бар, өнеге аларлық туынды", - деп жазды Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның ойынша, кітап балаларға арналса да, барлық жастағы адамға оқуға қызықты болады. Бүгінде осы кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасы да бар.
"Негізі осындай әдебиеттің тәрбиелік рөлі ерекше. Сондықтан мектептегі тәрбие жұмысы балалардың әдеби кітаптарды оқуына да байланысты. "Оқуға құштар мектеп" жобамыздың маңыздылығы да осында" , - деп атап көрсетті Аймағамбетов.
Жаңалықтар
0