https://sputnik.kz/20220423/shymkent-sona-avtobus-24400754.html
Шымкентте сона шаққан автобус жүргізушісі жаяужолға шығып кетті
Шымкентте сона шаққан автобус жүргізушісі жаяужолға шығып кетті
Sputnik Қазақстан
Жәндік шаққаннан кейін денсаулығы сыр берген автобус жүргізушісі апатты болдырмау үшін тротуарға шығып кеткен 23.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-23T14:17+0500
2022-04-23T14:17+0500
2022-04-23T14:21+0500
оқиға
автобус
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_1654a1c0e30a58d4e4617eca55aa9c05.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Шымкент қалалық полиция департаменті автобустың жолдан шығып кету себебін анықтады. Көлік жүргізушісін сона шаққан. Ер адамның жағдайы нашарап, рөлге ие бола алмаған. Содан қоғамдық көлік тротуарға шығып кеткен, деп хабарлады Otyrar.kz порталы. Бұған дейін әлеуметтік желіде жаяужолға шығып кеткен №72 автобустың видеосы мен фотосы тарады. Оқиға 22 сәуірде Рысқұлов және Момышұлы көшелерінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі өзін жайсыз сезінген. Рөлге ие бола алмай, алда тұрған көліктерді соғып кетпеу үшін жаяу жүргіншілер жолына қарай бұрылған. Тротуарда ешкім болмаған. Шымкент қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.Оқиға орнына барған медицина қызметкерлері жүргізушіге көмек көрсетті. Жол оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/10/16304614_646:0:2897:1688_1920x0_80_0_0_7dc3561f98e424b61274ed40f6ae8b47.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус, жүргізуші
Шымкентте сона шаққан автобус жүргізушісі жаяужолға шығып кетті
14:17 23.04.2022 (жаңартылды: 14:21 23.04.2022) Жәндік шаққаннан кейін денсаулығы сыр берген автобус жүргізушісі апатты болдырмау үшін тротуарға шығып кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Шымкент қалалық полиция департаменті автобустың жолдан шығып кету себебін анықтады. Көлік жүргізушісін сона шаққан. Ер адамның жағдайы нашарап, рөлге ие бола алмаған. Содан қоғамдық көлік тротуарға шығып кеткен, деп хабарлады
Otyrar.kz порталы.
Бұған дейін әлеуметтік желіде жаяужолға шығып кеткен №72 автобустың видеосы мен фотосы тарады. Оқиға 22 сәуірде Рысқұлов және Момышұлы көшелерінің қиылысында болған.
Куәгерлердің айтуынша, көлік жүргізушісі өзін жайсыз сезінген. Рөлге ие бола алмай, алда тұрған көліктерді соғып кетпеу үшін жаяу жүргіншілер жолына қарай бұрылған. Тротуарда ешкім болмаған. Шымкент қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Тексеріс кезінде көлік жүргізушіні сона шаққаны анықталды. Содан жағдайы нашарлап, рөлге ие бола алмаған", - дейді полицейлер.
Оқиға орнына барған медицина қызметкерлері жүргізушіге көмек көрсетті. Жол оқиғасы кезінде ешкім зардап шеккен жоқ.