https://sputnik.kz/20220423/iphone-13-oraza-azil-kuna-24404219.html
"Iphone 13 беремін": Діни басқарма оразамен әзілдесу үлкен күнә екенін ескертті
"Iphone 13 беремін": Діни басқарма оразамен әзілдесу үлкен күнә екенін ескертті
Sputnik Қазақстан
Қоғамдағы пранктардың барлығы шариғатқа қайшы, дейді ҚМДБ өкілі 23.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-23T17:41+0500
2022-04-23T17:41+0500
2023-08-09T16:01+0500
күнә
ораза
https://sputnik.kz/img/125/00/1250076_0:265:3300:2121_1920x0_80_0_0_837944f857921736e09e416e6394a6f6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. "Оразаңды бұзсаң, Iphone 13 беремін". Әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің ашуын тудырды. Тіпті, авторды жерден алып жерге салып жатқандар көп.Рамазан айында ұстаған оразасын бұзып, су ішуді сұрап жүргендер мұнымен шектелмейді. Қаншама блогер осы сарында пранк түсіріп жүр. Бәрінің мақсаты бір: арзан күлкі, жөнсіз ойын, деп хабарлады "Астана" арнасы.Тұрғындардың шыдамын сынау үшін де қымбат сыйлықтары дайын. Дәл осындай ессіз қалжыңды желі қолданушылары ұят деп бағалайды.Психолог Ғалияш Мақашова пранк жасаушыларды "шынайы емес, қағаз адамдарға" балады. Айтуынша, олар алға қойған мақсатына жету үшін адамдардың ұстанымын таптап өтуге дайын. Тіпті, әзіл арқылы тұрғындарды депрессияға ұшыратады дейді. Сондай-ақ олардың уәде етілген сыйлықты бермеуі де мүмкін екенін жеткізді.Дінмен, намазбен, оразамен әзілдесу үлкен күнә. Ол адамды күпірлікке әкеп соқтырады, дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі. Сөзінше, мұндай орынсыз әзілдің соңы жақсылыққа апармайды."Күлгісі келеді, қалжыңдағысы келеді, бірақ бәрі орнымен болуы керек. Ал қазіргі біздің қоғамдағы пранктардың көбісі, жалпы барлығы шариғатқа қайшы", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Хасан Аманқұл.Айта кетері, Алматы полициясы жақында қалада болған "қыз алып қашу операциясының" пранк екенін хабарлады. Видеодағы қыз бала әдеттегідей қазақстандықтардан кешірім сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/125/00/1250076_60:0:3241:2386_1920x0_80_0_0_e090bca60ca9724c12889c2a10519504.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
күнә, ораза
"Iphone 13 беремін": Діни басқарма оразамен әзілдесу үлкен күнә екенін ескертті
17:41 23.04.2022 (жаңартылды: 16:01 09.08.2023) Қоғамдағы пранктардың барлығы шариғатқа қайшы, дейді ҚМДБ өкілі
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. "Оразаңды бұзсаң, Iphone 13 беремін". Әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің ашуын тудырды. Тіпті, авторды жерден алып жерге салып жатқандар көп.
Рамазан айында ұстаған оразасын бұзып, су ішуді сұрап жүргендер мұнымен шектелмейді. Қаншама блогер осы сарында пранк түсіріп жүр. Бәрінің мақсаты бір: арзан күлкі, жөнсіз ойын, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Тұрғындардың шыдамын сынау үшін де қымбат сыйлықтары дайын. Дәл осындай ессіз қалжыңды желі қолданушылары ұят деп бағалайды.
Психолог Ғалияш Мақашова пранк жасаушыларды "шынайы емес, қағаз адамдарға" балады. Айтуынша, олар алға қойған мақсатына жету үшін адамдардың ұстанымын таптап өтуге дайын. Тіпті, әзіл арқылы тұрғындарды депрессияға ұшыратады дейді. Сондай-ақ олардың уәде етілген сыйлықты бермеуі де мүмкін екенін жеткізді.
"Енді ең қызығы сол "қағаз адамдардың" өзіне сондай тәжірибе жасалатын болса, олар бірден күйреп кетеді. Неге сіз адамдарды сынауға дайын тұрасыз деп өзіңізге сұрақ қойыңыз. Тіпті, пранкты сылтау қылу арқылы сіз адамдарды сынап, ол адамдарды сындырған кезде неге ләззат аласыз. Мүмкін, сізді де біреу сындырған шығар", - дейді психолог Ғалияш Мақашова.
Дінмен, намазбен, оразамен әзілдесу үлкен күнә. Ол адамды күпірлікке әкеп соқтырады, дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі. Сөзінше, мұндай орынсыз әзілдің соңы жақсылыққа апармайды.
"Күлгісі келеді, қалжыңдағысы келеді, бірақ бәрі орнымен болуы керек. Ал қазіргі біздің қоғамдағы пранктардың көбісі, жалпы барлығы шариғатқа қайшы", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілі Хасан Аманқұл.
Айта кетері, Алматы полициясы жақында қалада болған "қыз алып қашу операциясының" пранк екенін хабарлады. Видеодағы қыз бала әдеттегідей қазақстандықтардан кешірім сұрады.