https://sputnik.kz/20220423/dostyq-stantsiyasynda-logistikalyq-park-24397205.html
"Достық" станциясында 29 млрд теңгеге логистикалық парк құру жоспарланып отыр
"Достық" станциясында 29 млрд теңгеге логистикалық парк құру жоспарланып отыр
Sputnik Қазақстан
Инвестор болатын компания өкілдері биыл құрылыс жұмыстарына кірісуге дайын екенін жеткізді 23.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-23T08:47+0500
2022-04-23T08:47+0500
2022-04-23T08:47+0500
экономика
шекара
https://sputnik.kz/img/07e5/06/09/17293991_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_e0a72d4ba1038a6ea90ecb06aa1c1b17.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 23 сәуір — Sputnik. Қазақстан мен Қытай шекарасында Opentop жүйесі бойынша тау-кен металлургия кешені өнімдерін қайта тиеуге арналған логистикалық парк салу жоспарланып отыр. Алматы облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жоба Алакөл ауданында жұмыс істейтін "Достық" станциясында жүзеге асырылады. Dar rail Infrastructure компаниясы инвестор ретінде жобаға 29 миллиард теңгеге дейін қаржы салуды көздеген. Компания өкілдері жергілікті атқарушы органдармен келісімге келіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.Dar rail Infrastructure компаниясының бас директоры Максим Матюктің айтуынша, жобаны іске асыру "Достық" станциясының қуатын арттырады. Бұл шекарадағы жүк ағынының үнемі өсіп келе жатқан көлемін ақтайды. Бозымбаев Алакөл ауданының әкімдігіне және облыстық жер қатынастары басқармасына станция аумағындағы учаске мәселесін шешуді, кейін инфрақұрылым өткізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.Өз кезегінде "Dar rail infrastacture" ЖШС өкілдері биыл құрылыс жұмыстарына кірісуге дайын екенін жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/09/17293991_271:0:1231:720_1920x0_80_0_0_e592b8157d183e71121f1dfeac88bcc3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара
"Достық" станциясында 29 млрд теңгеге логистикалық парк құру жоспарланып отыр
Инвестор болатын компания өкілдері биыл құрылыс жұмыстарына кірісуге дайын екенін жеткізді
ТАЛДЫҚОРҒАН, 23 сәуір — Sputnik. Қазақстан мен Қытай шекарасында Opentop жүйесі бойынша тау-кен металлургия кешені өнімдерін қайта тиеуге арналған логистикалық парк салу жоспарланып отыр.
Алматы облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, жоба Алакөл ауданында жұмыс істейтін "Достық" станциясында жүзеге асырылады. Dar rail Infrastructure компаниясы инвестор ретінде жобаға 29 миллиард теңгеге дейін қаржы салуды көздеген. Компания өкілдері жергілікті атқарушы органдармен келісімге келіп, өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
"Логистикалық парк құру өңірдің барлық көлік әлеуетін дамытуға жаңа серпін береді. Инвестиция көлемі 29 миллиард теңгені құрайды. 230-ға жуық жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, инвестор Алакөл ауданында тұрмысы төмен отбасылар үшін 20 жеке үй салуды жоспарлап отыр", - деді Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев.
Dar rail Infrastructure компаниясының бас директоры Максим Матюктің айтуынша, жобаны іске асыру "Достық" станциясының қуатын арттырады. Бұл шекарадағы жүк ағынының үнемі өсіп келе жатқан көлемін ақтайды. Бозымбаев Алакөл ауданының әкімдігіне және облыстық жер қатынастары басқармасына станция аумағындағы учаске мәселесін шешуді, кейін инфрақұрылым өткізу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Өз кезегінде "Dar rail infrastacture" ЖШС өкілдері биыл құрылыс жұмыстарына кірісуге дайын екенін жеткізді.