Балқашта пойыз басып кеткен вагон жөндеуші екі аяғынан айырылды

© Photo : Пресс-служба АО "Национальная компания "Казахстан темир жолы"Теміржол, иллюстративті фото
Теміржол, иллюстративті фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2022
Жазылу
Оқиға түн ортасында болған, теміржолшы қауіпсіз жерге кетіп үлгермеген
НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Балқашта пойыз ер адамның екі аяғын кесіп кетті: рельсте жүрген вагон жөндеуші қауіпсіз жерге қашып үлгермеген.
Пойыз машинисі сағат 23.45 шамасында рельсте жүрген ер адамды көріп, шұғыл тежегішті қолданғанын, бірақ бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға жеткіліксіз болғанын айтты.
Зардап шеккен жұмысшы ауыр халде ауруханаға жатқызылды.
"Ер адам Балқаш қаласының орталық қалалық ауруханасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады Patriotnews.kz Балқаш стансасы полициясы желілік бөлімінің бастығы Темірлан Машраповқа сілтеме жасап.
Жаңалықтар
0