Оқиға

Атырауда атпен өзеннен өтпек болған ер адам суға батып кетті

© Sputnik / Дмитрий Коробейников / Медиабанкке өтуСүңгуір
Сүңгуір - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2022
Жазылу
Әзірге іздеу жұмыстары еш нәтиже бермеді
АЛМАТЫ, 23 сәуір — Sputnik. Атырау маңындағы Ойыл өзенінде құтқарушылар екі тәулік бойы суға батып кеткен ер адамның денесін іздеп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің сүңгуірлері ер адам суға құлап, батып кеткен жерді тексеруде. Марқұм небәрі 26 жаста болған.
Төтенше жағдай туралы хабарлама департаменттің кезекші бөліміне түскеннен кейін оқиға орнына бірден сүңгуірлер тобы жіберілді, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
"Марқұмның денесін 22 сәуір таңнан бері жүргізіліп жатыр. Оған ТЖД қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен он тұрғын жұмылдырылды", - деп хабарлады Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Әзірге іздеу нәтиже бермеді. Сүңгуірлер тобы іздеу аймағын біртіндеп кеңейтуде. Өңірлік ТЖД тағы да облыс тұрғындарына су қоймаларының жанында болған кезде абай болу керектігін ескертті. Судағы қауіпсіздік шараларын сақтау туралы еске салды.
Жаңалықтар
0