https://sputnik.kz/20220423/-azovstal-zhertolesindegi-sogys-qanshaga-sozylady-24433181.html
"Азовсталь" жертөлесіндегі соғыс қаншаға созылады
"Азовсталь" жертөлесіндегі соғыс қаншаға созылады
Sputnik Қазақстан
Ресейлік әскер Донбастағы шабуылды үдетіп жатыр. Мариуполь Украина Қарулы күштері, Украина Ұлттық гвардиясы, Украина Қауіпсіздік күштері бөлімшелерінен... 23.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-23T09:05+0500
2022-04-23T09:05+0500
2022-04-25T15:05+0500
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/04/16/24395348_0:0:3249:1828_1920x0_80_0_0_c1cdcc9408af43660b597d2b0c110428.jpg
Ресейлік әскер Донбастағы шабуылды үдетіп жатыр. Мариуполь Украина Қарулы күштері, Украина Ұлттық гвардиясы, Украина Қауіпсіздік күштері бөлімшелерінен босатылды. Аман қалған украин әскерилері "Азовсталь" комбинатының жертөлесінде тығылып жатыр. Ол жақтан шығатын барлық жол жабылды. Сондықтан украиндерге тек берілу ғана қалды, деп жазды ресейлік әскер шолушы Александр Хроленко.21 сәуірде Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу РФ Қарулы күштері Бас қолбасшысы Владимир Путинге арнайы әскери операцияның барысы мен Мариупольдің азат етілгені туралы баяндады. Қала бейбіт өмірге қайта оралып жатыр."Азовсталь" комбинатында қоршауда қалған нацистік қарулы құрылымдардың жауынгерлері мен шетелдік жалдамалы әскерилерге қатысты Владимир Путин шабуылмауға, ресейлік әскерилердің өмірін сақтауға және қарсыласқа өз еріктерімен берілуді ұсынуды тапсырды: "Бұл өнеркәсіптік аумақты барынша бұғаттау керек. Әлі күнге дейін берілмегендерге қаруды тастап, берілуді ұсыныңыздар".РФ Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша 11 наурызда Мариупольдегі украин әскерилерінің саны 8 100 адамнан асты. Оның 4 мыңға жуығы қаланы азат ету кезінде жойылды және бір жарым мың сарбаз тұтқынға берілді. 2 мыңнан астам жауынгер металлургия комбинатының аумағында тығылып лтыр. "Азовсталь" жертөлесін толығымен тазарту үшін 3-4 күн ажет болады. Бірақ шығу жолдарының барлығын, желдету шахталарын жауып, капитуляцияны күту тиімдірек болады.Бұған дейін Ресей комбинатта болуы мүмкін бейбіт тұрғындардың шығуы үшін бірнеше күн бойы гуманитарлық дәліз ашты. Бірақ "Азовсталь" жертөлесінен ешкім шықпады. Украин өңірлік қорғаныс қызметкерлері майдан алқабында бейбіт халық қатарына жатпайды. Шетелдік жалдамалы әскерилерге де берілуге тура келеді."Азовсталь" комбинатында "Азов"* полкінің содырбһлары, Украина Қарулы күштері теңіз жаяу әскері 36-шы бридагасының өкілдері, шекарашылар мен полиция қызметкерлері бар. Комбинат жертөлесі шабуылдауға алдын ала дайындалып, мина қойылған. Қару-жарақ пен оқ-дәрі, су мен азық-түлік қоры бірнеше уақытқа жетеді. Бірақ аман қалған жауынгерлердің 40%-і жараланған. Берілгендер аман қалатынына, жараланғандарға медициналық көмек көрсетілетініне кепілдік беріледі", - деп жазды Хроленко."Азовсталь" комбинатында жасырынғандарды талқандау күрделі тапсырма емес. Әйткенмен шабуылдау операциясы сәтті аяқталуы үшін бір қорғанатын жауынгерге қарсы үш*төрт шабуылдаушы сарбаз қажет. Яғни, екі мың украин әскериіне Ресей Қарулы күштерінің екі толыққанды бригадасын жұмылдыруға тура келеді.Металлургия комбинатының жерасты лабиринттері құрылысы жағынан өте күрделі нысан болып саналады. Сол себепті шабуылдау кезінде адам шығыны болатыны анық. Екінші жағынан, қарсылас тарап тығырыққа тірелді. Украин әскери құрылымдары біраз уақыттан кейін тұтқынға берілуге немесе алдын ала миналанған немесе цементтелген жолдар арқылы шығуға талпынып көруге мәжбүр. "Периметрді" күзету үшін бір батальон тактикалық тобы жеткілікті. Мариупольді азат еткен ресейлік әскер Донбастағы әлдеқайда маңызды аумақтарға бағытталды.Броньдалған техника мен стационарлық блок-бекеттер аймақты жіті бақылап тұр. Адам көп шоғырланған әскердің орнын шағын габаритті радиолокациялық станциялар алмастырды. Бұл станциялар адамды бірнеше километр қашықтықтан анықтай алады. Мысалы, "Фара-ВР" радиолокациялық станциясы 4 километрге дейінгі қашықтықта жаяу әскерді жоғары дәлдікпен анықтап, оған ірі калибрлі пулемет немесе гранатометті бағыттау үшін деректерді ұсынады."Кредо-1Е" сәйкестендірілген радары 15 километр қашықтықтағы жауынгерді анықтауға және бір уақытта 20 нысананы бақылауға қауқарлы. "Периметр бойынша" орналастырылған радиолокациялық станция "Азовсталь" аумағындағы кез келген қозғалысты анықтайды. Сондықтан ауқымды әскри топтың жертөледен шыққаны назарсыз қалмайды. Одан соң тұтқындары қабылдау бөлімшелері, жедел әрекет ету күштері немесе артиллерия өз ісіне кіріседі."Барлаудың робот-техникалық кешендері жерасты коммуникацияның түкпір-түкпірін көруге мүмкіндік беріп отыр. Күні кеше металлургиялық комбинаттағы "Азов" содырларының материалдық жабдықтау және азық-түлік жерасты қоймасы жойылғаны туралы белгілі болды. Аштық, шөл және антисанитарлық талаптар нацистерге жылдам таңдау жасауға итермелейді. Сондықтан жерастындағы соғыс ұзаққа созылмайтыны белгілі", - деп жазды Хроленко.Оның айтуынша, Мариупольдегі жүздеген шетелдік жалдамалы әскер Батыс бас тарта алмайтын және мойындауға мәжбүр болатын кезекті проблемаға айналады.* – Ресейде тыйым салынған экстремистік ұйым.Әскери шолушы Александр Хроленкның Telegram арнасы.
https://sputnik.kz/20220404/ukraina-beybit-turgyn-buu-23929018.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/16/24395348_343:0:3074:2048_1920x0_80_0_0_44b5f2c6d8544d5eded4b16e4ff82b10.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Ресейлік әскер Донбастағы шабуылды үдетіп жатыр. Мариуполь Украина Қарулы күштері, Украина Ұлттық гвардиясы, Украина Қауіпсіздік күштері бөлімшелерінен босатылды. Аман қалған украин әскерилері "Азовсталь" комбинатының жертөлесінде тығылып жатыр. Ол жақтан шығатын барлық жол жабылды. Сондықтан украиндерге тек берілу ғана қалды, деп жазды ресейлік әскер шолушы Александр Хроленко.
21 сәуірде Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу РФ Қарулы күштері Бас қолбасшысы Владимир Путинге арнайы әскери операцияның барысы мен Мариупольдің азат етілгені туралы баяндады. Қала бейбіт өмірге қайта оралып жатыр.
"Азовсталь" комбинатында қоршауда қалған нацистік қарулы құрылымдардың жауынгерлері мен шетелдік жалдамалы әскерилерге қатысты Владимир Путин шабуылмауға, ресейлік әскерилердің өмірін сақтауға және қарсыласқа өз еріктерімен берілуді ұсынуды тапсырды: "Бұл өнеркәсіптік аумақты барынша бұғаттау керек. Әлі күнге дейін берілмегендерге қаруды тастап, берілуді ұсыныңыздар".
РФ Қорғаныс министрлігінің ақпараты бойынша 11 наурызда Мариупольдегі украин әскерилерінің саны 8 100 адамнан асты. Оның 4 мыңға жуығы қаланы азат ету кезінде жойылды және бір жарым мың сарбаз тұтқынға берілді. 2 мыңнан астам жауынгер металлургия комбинатының аумағында тығылып лтыр. "Азовсталь" жертөлесін толығымен тазарту үшін 3-4 күн ажет болады. Бірақ шығу жолдарының барлығын, желдету шахталарын жауып, капитуляцияны күту тиімдірек болады.
Бұған дейін Ресей комбинатта болуы мүмкін бейбіт тұрғындардың шығуы үшін бірнеше күн бойы гуманитарлық дәліз ашты. Бірақ "Азовсталь" жертөлесінен ешкім шықпады. Украин өңірлік қорғаныс қызметкерлері майдан алқабында бейбіт халық қатарына жатпайды. Шетелдік жалдамалы әскерилерге де берілуге тура келеді.
"Азовсталь" комбинатында "Азов"* полкінің содырбһлары, Украина Қарулы күштері теңіз жаяу әскері 36-шы бридагасының өкілдері, шекарашылар мен полиция қызметкерлері бар. Комбинат жертөлесі шабуылдауға алдын ала дайындалып, мина қойылған. Қару-жарақ пен оқ-дәрі, су мен азық-түлік қоры бірнеше уақытқа жетеді. Бірақ аман қалған жауынгерлердің 40%-і жараланған. Берілгендер аман қалатынына, жараланғандарға медициналық көмек көрсетілетініне кепілдік беріледі", - деп жазды Хроленко.
"Азовсталь" комбинатында жасырынғандарды талқандау күрделі тапсырма емес. Әйткенмен шабуылдау операциясы сәтті аяқталуы үшін бір қорғанатын жауынгерге қарсы үш*төрт шабуылдаушы сарбаз қажет. Яғни, екі мың украин әскериіне Ресей Қарулы күштерінің екі толыққанды бригадасын жұмылдыруға тура келеді.
Металлургия комбинатының жерасты лабиринттері құрылысы жағынан өте күрделі нысан болып саналады. Сол себепті шабуылдау кезінде адам шығыны болатыны анық. Екінші жағынан, қарсылас тарап тығырыққа тірелді. Украин әскери құрылымдары біраз уақыттан кейін тұтқынға берілуге немесе алдын ала миналанған немесе цементтелген жолдар арқылы шығуға талпынып көруге мәжбүр. "Периметрді" күзету үшін бір батальон тактикалық тобы жеткілікті. Мариупольді азат еткен ресейлік әскер Донбастағы әлдеқайда маңызды аумақтарға бағытталды.
Броньдалған техника мен стационарлық блок-бекеттер аймақты жіті бақылап тұр. Адам көп шоғырланған әскердің орнын шағын габаритті радиолокациялық станциялар алмастырды. Бұл станциялар адамды бірнеше километр қашықтықтан анықтай алады. Мысалы, "Фара-ВР" радиолокациялық станциясы 4 километрге дейінгі қашықтықта жаяу әскерді жоғары дәлдікпен анықтап, оған ірі калибрлі пулемет немесе гранатометті бағыттау үшін деректерді ұсынады.
"Кредо-1Е" сәйкестендірілген радары 15 километр қашықтықтағы жауынгерді анықтауға және бір уақытта 20 нысананы бақылауға қауқарлы. "Периметр бойынша" орналастырылған радиолокациялық станция "Азовсталь" аумағындағы кез келген қозғалысты анықтайды. Сондықтан ауқымды әскри топтың жертөледен шыққаны назарсыз қалмайды. Одан соң тұтқындары қабылдау бөлімшелері, жедел әрекет ету күштері немесе артиллерия өз ісіне кіріседі.
"Барлаудың робот-техникалық кешендері жерасты коммуникацияның түкпір-түкпірін көруге мүмкіндік беріп отыр. Күні кеше металлургиялық комбинаттағы "Азов" содырларының материалдық жабдықтау және азық-түлік жерасты қоймасы жойылғаны туралы белгілі болды. Аштық, шөл және антисанитарлық талаптар нацистерге жылдам таңдау жасауға итермелейді. Сондықтан жерастындағы соғыс ұзаққа созылмайтыны белгілі", - деп жазды Хроленко.
Оның айтуынша, Мариупольдегі жүздеген шетелдік жалдамалы әскер Батыс бас тарта алмайтын және мойындауға мәжбүр болатын кезекті проблемаға айналады.
* – Ресейде тыйым салынған экстремистік ұйым.
Әскери шолушы Александр Хроленкның
Telegram арнасы.