"Титаниктің" апатқа ұшырағанына 110 жыл: музейге қойылған кеме жәдігерлері – фото
"Титаниктің" апатқа ұшырағанына 110 жыл: музейге қойылған кеме жәдігерлері – фото
Sputnik Қазақстан
1912 жылы Белфасттан мұхитты кешіп өтуге бет алған сол шақтағы ең ірі лайнерді "Титаникті" бүкіл әлем "суға батпайтын" кеме деп атады 22.04.2022, Sputnik Қазақстан
Адамның тәкаппарлығы мен "үнемдеуге" деген талпынысы біріксе, оның салдары жақсылыққа алып келмейтіні анық. Құрылысы үш жылдан астам уақыт бойы жүріп, су бетінде үш күн күн ғана жүзген "Титаник" осының айқын дәлелі бола алады.Трансатлантикалық лайнердің тағдыры қайғылы аяқталғанына қарамастан, су көлігіне деген қызығушылық арада ғасырдан көп уақыт өтсе де басылар емес.Ең алып әрі салтанатты кеменің сынықтарын өткен ғасырдың 80-ші жылдарында ғана арнайы батискафтардың көмегімен зерттеу мүмкін болды.Атлант мұхитының түбінен табылған артефакттар аукцион үйлеріндегі сұранысы жоғары лот болып отыр.Солардың кейбіріне тоқталсақ.
1912 жылы Белфасттан мұхитты кешіп өтуге бет алған сол шақтағы ең ірі лайнерді "Титаникті" бүкіл әлем "суға батпайтын" кеме деп атады
Адамның тәкаппарлығы мен "үнемдеуге" деген талпынысы біріксе, оның салдары жақсылыққа алып келмейтіні анық. Құрылысы үш жылдан астам уақыт бойы жүріп, су бетінде үш күн күн ғана жүзген "Титаник" осының айқын дәлелі бола алады.
Трансатлантикалық лайнердің тағдыры қайғылы аяқталғанына қарамастан, су көлігіне деген қызығушылық арада ғасырдан көп уақыт өтсе де басылар емес.
Ең алып әрі салтанатты кеменің сынықтарын өткен ғасырдың 80-ші жылдарында ғана арнайы батискафтардың көмегімен зерттеу мүмкін болды.
Атлант мұхитының түбінен табылған артефакттар аукцион үйлеріндегі сұранысы жоғары лот болып отыр.
Дирижер Уоллес Хартли "Титаник" су түбіне кетуден бірер минут бұрын ойнаған скрипка. Хартли мен оркестр мүшелері айсбергке соғылған кеме палубасындағы адамдарды сабырға шақыру үшін музыка ойнауды тоқтатпаған.
"Титаникті" әлемдегі ең салтанатты әрі сәнді кеме деп атады. Бірінші деңгейдегі каюталарда кілең миллионерлер жайғасты. Суға батқан "Титаниктен" табылған бриллиант және жақұтпен көмкерілген сақина қымбат бұйымдардың бір бөлігі ғана.
Жоқ, бұл сағатты "Титаник" жолаушылары тақпаған. Бірақ ол сол жолаушылармен ДНҚ деңгейінде байланысты: 2007 жылы Romain Jerome компаниясы "Титаник"лайнерінің мұхит түбінен көтерілген бөлшектерінен дайындалған Titanic-DNA сағатын сатылымға шығарды.
Бұл апаттан аман қалған жолаушылар су түбіне кетпес үшін киген қорғаныш жилеттері. "Титаниктегі" алты құтқару шеңберінің біреуі 1912 жылы табылған уақыттан бері Жаңа Шотландиядағы отбасының сейфінде сақтаулы тұр.
Ал мына темекі түтікшесі "Титаник" айсбергке соқтығысқан кезде капитан штурвалында тұрған Уильям Мердокқа тиесілі. Солтүстік Атлантиканың 4 километрге жуық тереңіне түскен құтқарушылар кеменің айсбергпен соғылуына жол бермес үшін барын салған Мердоктың жеке заттарын табу арқылы үлкен жаңалық ашты.
Болжам бойынша, "Титаник" жолаушыларының багажында болған театр дүрбісі қазір Нью-Йорктегі Intrepid Теңіз, авиация және ғарыш музейінің көрмесіне қойылды.