Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындары радиоактивті суды ішіп отыр – видео

Ведро - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Тұрғындар амалдың жоқтығынан ол сумен бау-бақшаны да, малды да суаруға мәжбүр
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы Ольгинка мен Сухорабовка ауылдарында құдықтың суы радиоактивті болып шықты. Санитарлар оны ішуге тыйым салып отыр.
Алайда тұрғындар амалдың жоқтығынан ол сумен бау-бақшаны да, малды да суаруға мәжбүр , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Ольгинка – қазақстандық ғарышкер Александр Викторенконың туған жері.
Алайда ауыл тұрғындары әлі күнге дейін өркениеттің игілігін көре алмай отыр. Халықтан құдықтан су іше алмай жүр.
"Бізге бұл жерден радиоактивті су шығып жатыр деді, ішуге болмайды. Бірақ малға алып тұрамыз. Басқа амал жоқ. Алмасақ, су нашарлап, сарғайып кетеді", - дейді ауыл тұрғыны Александр Ережепов.
300 адам тұратын ауылға су тартылмаған. Бірақ дәл жанынан су құбыры өтеді. Бірақ оны да пайдалана алмай отыр.
"Мына шұңқырдан суды қалай ішуге болады? Міне, мына жерден 300 метр шалғай жерде Көкшетауға баратын су құбыры өтеді. Сонда миллион кубметр су ауыл арқылы өтіп тұр. Соған келісе алмай отырмыз", - деп атап көрсетті ауылдың тағы бір тұрғыны Қайсаш Закирин.
Қазіргі кезде ауыл тұрғындары бір ұңғыманы пайдаланып отыр. Бірақ суды белгілі бір уақытта ғана береді. Барлығына жетпейді.
Сухорабовка ауылы да тура сондай жағдайға тап болды. Бірақ халық үш есе көп. Қазіргі кезде он құдықтың алтауын жауып тастады. Ал қалғанын жауып тастаса, ауыл мүлдем сусыз қалады.
Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамананды судың сапасын 12 жылдан бері қадағалап келеді. Бірақ дабыл қағып жатқан жоқ.
"Жерасты және жердің үстіндегі сулардың радиациялық көрсеткіштері бойынша мониторинг жүргізіліп келеді. Ольгинка мен Сухорабовка ауылдарында қоғамдық ұңғымалар мен құдықтардың радиациялық қауіпсіздік коэффиценті 1-ден жоғары. Ондайда құрғақ қалдықтар, яғни, жоғары минерализация немесе радионуклеидтер болуы мүмкін. Суды терең зерттеу керек", - дейді бөлім басшысы Гүлнар Жақсылықова.
Ауыл тұрғындары талай рет шенеуніктерге де барды. Бірақ нәтиже жоқ.
Жаңалықтар
0