Қор биржасында теңге бағамы тұрақтанды

© Sputnik / Тимур БатыршинДоллар мен теңге
Доллар мен теңге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Бір тәулікте ұлттық валюта бағамы небәрі 0,2 теңгеге өзгерді
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. KASE Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,09 теңге болды.
Сауда-саттыққа қатысушылар жалпы сомасы 68,9 миллион долларға 183 келісім жасады, бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 8,7 миллион долларға көп. Ол кезде доллардың орташа сараланған бағамы 444,07 теңге деңгейінде тұрақтады.
Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 442-444 теңгеден сатып алып, 446-448 теңгеден сатып жатыр.
Ал рубльге қатысты айтсақ, оның орташа сараланған бағамы 5,98 теңге болды. Сауда-саттыққа қатысушылар жалпы сомасы 2,48 миллиард рубльге 93 келісім жасады.
Жаңалықтар
0