https://sputnik.kz/20220422/qazaqstanda-boeing-tekhnikalyq-ortalyqtary-24390916.html
Қазақстанда Boeing техникалық орталықтары пайда болуы мүмкін
Қазақстанда Boeing техникалық орталықтары пайда болуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейсті іске қосу үшін CAT1 мәртебесін алу жайы келісілді 22.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-22T17:33+0500
2022-04-22T17:33+0500
2022-04-22T17:33+0500
экономика
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e4/09/19/15048433_0:0:3640:2048_1920x0_80_0_0_23eae78efe9b656e97435237136c9a0c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Boeing компаниясының вице-президенті Монте Фрейзермен кездесу өткізді.Тараптар Boeing 737 MAX және 787 Dreamliner әуе кемелерін Air Astana және SCAT әуе компанияларына жеткізу мәселелерін талқылады.Ластаев пен Фрейзер Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе қатынасын ашуға, сондай-ақ Қазақстанда Boeing компаниясының жаттығу және техникалық орталықтарын орналастыру мүмкіндігін сөз етті.Кездесуге қатысушылар Boeing компаниясының АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) ұшу қауіпсіздігін халықаралық бағалауынан (IASA) жедел өту үшін Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне өтеусіз техникалық көмек беруге уағдаласты.Бұған қоса, екі ел арасындағы тікелей рейсті іске қосу үшін CAT1 мәртебесін алу жайы келісілді.Әлемдік тәжірибеге сәйкес, арнайы консалтингтік компаниялардың мұндай техникалық көмегінің орташа құны шамамен 2-2, 5 миллион доллар. Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде биыл мамырдың үшінші онкүндігінде Boeing мамандары Нұр-Сұлтанға келеді.Кездесуге қатысушылар Қазақстанда Азаматтық авиация саласындағы жас таланттарға арналған Boeing компаниясының арнайы оқыту бағдарламасын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
https://sputnik.kz/20180118/4304130.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/19/15048433_540:0:3271:2048_1920x0_80_0_0_565cfb1d3c0e79cc28deeb8483d0b5c4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан
Қазақстанда Boeing техникалық орталықтары пайда болуы мүмкін
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейсті іске қосу үшін CAT1 мәртебесін алу жайы келісілді
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Boeing компаниясының вице-президенті Монте Фрейзермен кездесу өткізді.
Тараптар Boeing 737 MAX және 787 Dreamliner әуе кемелерін Air Astana және SCAT әуе компанияларына жеткізу мәселелерін талқылады.
Ластаев пен Фрейзер Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей әуе қатынасын ашуға, сондай-ақ Қазақстанда Boeing компаниясының жаттығу және техникалық орталықтарын орналастыру мүмкіндігін сөз етті.
Кездесуге қатысушылар Boeing компаниясының АҚШ Федералдық азаматтық авиация басқармасының (FAA) ұшу қауіпсіздігін халықаралық бағалауынан (IASA) жедел өту үшін Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне өтеусіз техникалық көмек беруге уағдаласты.
Бұған қоса, екі ел арасындағы тікелей рейсті іске қосу үшін CAT1 мәртебесін алу жайы келісілді.
Әлемдік тәжірибеге сәйкес, арнайы консалтингтік компаниялардың мұндай техникалық көмегінің орташа құны шамамен 2-2, 5 миллион доллар. Қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде биыл мамырдың үшінші онкүндігінде Boeing мамандары Нұр-Сұлтанға келеді.
Кездесуге қатысушылар Қазақстанда Азаматтық авиация саласындағы жас таланттарға арналған Boeing компаниясының арнайы оқыту бағдарламасын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.