Аңдатпа

Қазақстанда 23 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневЕлорда тұрғындары
Елорда тұрғындары - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 23 сәуір - 5 мамыр аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады

23 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР

12.00 - Қазақстандық жауынгерлердің Мәскеу шайқасына қатысуы туралы мұрағаттық құжаттарды салтанатты табыстау рәсімі. Іс-шараны Ресей тарихи қоғамы, Нұр-Сұлтан қаласындағы "Русский дом" және Әскери-тарихи мұражай ұйымдастырады. Ресей тарихи қоғамы және Нұр-Сұлтан қаласындағы "Русский дом" "Еңбек ерлігі қаласы" жобасының тұсаукесерін өткізеді. Өтетін орны: Әскери-тарихи мұражай, "Мәңгілік ел" атриумы. Анықтама телефоны: +7 (7172) 44-26-19; +7 (775) 390-01-86; +7 (701) 261-39-64.
16.00 - V Еуразиялық кітап көрме-жәрмеңкесінің басты алаңындағы "Тарихи білім және ағарту: жастарды тарихты зерттеуге қалай тарту керек" форумы.
23-24 сәуір - "Русский домда" Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарының "Ресейде оқы" көрме-тұсаукесері өтеді. Көрмеде Ресей университеттерінің өкілдері 300-ден астам түрлі оқу бағдарламаларын ұсынады. Сондай-ақ, келушілердің назарына ресейлік білім беру және университетті бітіргеннен кейін одан әрі жұмыс іздеу мүмкіндіктері туралы дәрістер мен презентациялар ұсынылады.
25 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
11:00 - "Браконьерлікпен күрес шаралары туралы" онлайн брифинг өтеді. Спикер: Жармағамбетов Әлішер Исматұлы – ІІМ Әкімшілік полиция комитеті профилактикалық қызмет басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы. Сауалдарды 22 сәуір 18:00-ге дейін mvd_pr@mail.ru электронды мекенжайына немесе 8 705 440 83 65 WhatsApp нөміріне жолдауға болады.

4 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - Қазақ ұлттық өнер университетінде "Орнамент" ансамблінің солистері (Санкт-Петербург) ҚазҰӨУ студенттері үшін шеберлік сағатын өткізеді (Тәуелсіздік даңғылы, 50)
18.30 - Рухани-мәдени орталықтың концерт залында Кирилл мен Мефодий фестивальдің салтанатты ашылуы өтеді. Оған Қазақстан мен Ресейдің танымал орындаушылары мен музыкалық ұжымдары қатысады (Күйші Дина көшесі, 27/1)

5 МАМЫРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19: 00 - Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында "Орнамент" солистер ансамблінің "Станичники" хорының концерті өтеді (Жеңіс даңғылы, 33)
Жаңалықтар
0