https://sputnik.kz/20220422/qazaq-qyzy-aziya-eki-durkin-chempion-24384635.html
Қазақ қызы Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Қазақ қызы Азияның екі дүркін чемпионы атанды
Sputnik Қазақстан
Отандасымыз әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші "алтын" салды 22.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-22T14:08+0500
2022-04-22T14:08+0500
2023-08-10T10:34+0500
спорт
азия чемпионаты
қазақша күрес
https://sputnik.kz/img/1079/77/10797786_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_642020e75bf2b061bcfd6eef80342876.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды.Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында 72 келі салмақта сынған түскен отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді."Дөңгелек айналым" жүйесі бойынша өткен бәсекеде қазақстандық қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, ол Даваанасан Енхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) мен Сумире Ниикура (Жапония) сынды мықты балуандардың жауырынын жерге тигізді, деп хабарлайды Olympic.kz.Осылайша ол әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды. Жарыстың алғашқы күнінде оның сыңары Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарған болатын.Айта кетері, бұл Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионатындағы екінші алтыны. Бұған дейін ол 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында үздік атанған.Күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатыр. Әйелдер күресінен кездесулер дөңгелек айналым жүйесі бойынша өтуде. Спортшылар өз салмақ дәрежесінде барлық балуанмен әр айналымда белдесіп, жеңімпазды анықтайды.
https://sputnik.kz/20220421/qazaqstandyq-sportshy-ayelder-kuresi-24364314.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1079/77/10797786_104:0:1252:861_1920x0_80_0_0_02bd915fce8b4700f1587b724d3c1e04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азия чемпионаты, қазақша күрес
азия чемпионаты, қазақша күрес
Қазақ қызы Азияның екі дүркін чемпионы атанды
14:08 22.04.2022 (жаңартылды: 10:34 10.08.2023) Отандасымыз әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші "алтын" салды
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды.
Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында 72 келі салмақта сынған түскен отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді.
"Дөңгелек айналым" жүйесі бойынша өткен бәсекеде қазақстандық қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, ол Даваанасан Енхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) мен Сумире Ниикура (Жапония) сынды мықты балуандардың жауырынын жерге тигізді, деп хабарлайды
Olympic.kz.Осылайша ол әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтын медальды салды. Жарыстың алғашқы күнінде оның сыңары Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарған болатын.
Айта кетері, бұл Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионатындағы екінші алтыны. Бұған дейін ол 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында үздік атанған.
Күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатыр. Әйелдер күресінен кездесулер дөңгелек айналым жүйесі бойынша өтуде. Спортшылар өз салмақ дәрежесінде барлық балуанмен әр айналымда белдесіп, жеңімпазды анықтайды.