Олимпиада чемпионы жемқорлармен күресуге кірісті

© Photo : Предоставлено Пресс-службой комитета спорта министерства культуры и спорта Республики КазахстанСерік Сәпиев
Серік Сәпиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Қарапайым азамат ретінде әділ мемлекетте өмір сүргім келеді, дейді Серік Сәпиев
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамдық кеңесіне кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сәпиев қоғамдық кеңеске ғана емес, жалпы қоғамға пайда әкелуге мүдделі.
"Өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Қарапайым азамат ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді. Менің балаларым да сондай жүрде тұрып, дамыса екен деймін. Өйткені жемқорлықтың мемлекет пен қоғам дамуын тежейтінін білемін. Менің жұмыс тәжірибем, менің ұстанымым мемлекетімізді дамытуға көмектеседі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелетініне сенімдімін", - дейді Сәпиев.
Одан бөлек, кеңес құрамына "Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дидар Смағұлов та енді.
Кеңестің бүгінгі отырысында президенттің мемлекеттік аппарат қызметін бюрократиясыздандыру жөніндегі шаралары туралы жарлығын жүзеге асыру мәселесі талқыланды.
Жаңалықтар
0