https://sputnik.kz/20220422/nur-sultan-turaq-kolikter-24379489.html
Нұр-Сұлтанда тұраққа дұрыс қойылмаған көлік автоматты түрде анықталады
Нұр-Сұлтанда тұраққа дұрыс қойылмаған көлік автоматты түрде анықталады
Sputnik Қазақстан
Көлікті тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 30 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған 22.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-22T11:47+0500
2022-04-22T11:47+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
көлік тұрағы
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/04/16/24377720_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_1382eb6d5dba42ba0175c806751725a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Бүгінгі күннен бастап Нұр-Сұлтанда белгіленбеген жерде аялдаған және тоқтаған көліктерді автоматты тіркейтін жүйе іске қосылады. Елорда жолдарында құқық бұзушылық деңгейін төмендету мақсатында "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС-нің арнайы көліктеріне орнатылған "Дозор-М" фото-видео тіркеу кешендерінің көмегімен көліктердің аялдауы және тұрағы тіркеледі. "Дозор-М" кешендері Қазақстан заңнамасына сәйкес міндетті сертификаттау және тіркеуден өтті. Автомобильдердің белгіленбеген жерде болу фактілерін анықтау көлік құралының нақты уақыты мен орнын анықтайтын және тіркейтін GPS/ГЛОНАСС жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады. Көліктің тоқтау немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 5-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған. Компанияда атап өткендей, белгіленбеген жерде көліктің тоқтауы немесе тұраққа қойылуы жол жағдайын қиындатады және құқық бұзушылықтың кең таралған түрлерінің бірі болып отыр. "Дозор-М" құқық бұзушылықтар санын азайтады және жүргізушілердің тәртібін жақсартады. "Жүргізушілер арасындағы құқық бұзушылықтың жалпы санын азайту мақсатында Нұр-Сұлтан полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының ұсынысымен жүзеге асырылды. Даулы жағдайды полиция қызметкерлері қарастырады. Айыппұлдан түскен барлық қаражат қала бюджетіне түседі", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 2022 жылдың 1 наурызынан бастап нөмірленуі 11**, 2***, 3***, 4*** сандарынан басталатын ақылы автотұрақ аймақтары елорда әкімдігінің қаулысына сәйкес жұмыс режиміне көшірілді. Ақылы тұрақтардың жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін. Төлем сағатына 100 теңгені құрайды. Ережеге сәйкес, тұрақ ақысын алғашқы 30 минутта төлеу қажет. Демалыс және мереке күндері автотұрақ тегін.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/16/24377720_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_5b1ab175c606759badd1d6cd39d2d93f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік тұрағы, астана
Нұр-Сұлтанда тұраққа дұрыс қойылмаған көлік автоматты түрде анықталады
11:47 22.04.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Көлікті тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 30 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Бүгінгі күннен бастап Нұр-Сұлтанда белгіленбеген жерде аялдаған және тоқтаған көліктерді автоматты тіркейтін жүйе іске қосылады.
"Елорда көшелерінде көліктерді тұраққа дұрыс қоймау фактілері полиция қызметкерлерін жұмылдырусыз-ақ орындалады", - деп хабарлады "Астана тұрақ кеңістігі".
Елорда жолдарында құқық бұзушылық деңгейін төмендету мақсатында "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС-нің арнайы көліктеріне орнатылған "Дозор-М" фото-видео тіркеу кешендерінің көмегімен көліктердің аялдауы және тұрағы тіркеледі.
"Дозор-М" кешендері Қазақстан заңнамасына сәйкес міндетті сертификаттау және тіркеуден өтті. Автомобильдердің белгіленбеген жерде болу фактілерін анықтау көлік құралының нақты уақыты мен орнын анықтайтын және тіркейтін GPS/ГЛОНАСС жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
Көліктің тоқтау немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 5-тен 10 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған.
Компанияда атап өткендей, белгіленбеген жерде көліктің тоқтауы немесе тұраққа қойылуы жол жағдайын қиындатады және құқық бұзушылықтың кең таралған түрлерінің бірі болып отыр.
"Дозор-М" құқық бұзушылықтар санын азайтады және жүргізушілердің тәртібін жақсартады.
"Жүргізушілер арасындағы құқық бұзушылықтың жалпы санын азайту мақсатында Нұр-Сұлтан полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының ұсынысымен жүзеге асырылды. Даулы жағдайды полиция қызметкерлері қарастырады. Айыппұлдан түскен барлық қаражат қала бюджетіне түседі", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
2022 жылдың 1 наурызынан бастап нөмірленуі 11**, 2***, 3***, 4*** сандарынан басталатын ақылы автотұрақ аймақтары елорда әкімдігінің қаулысына сәйкес жұмыс режиміне көшірілді.
Ақылы тұрақтардың жұмыс уақыты: жұмыс күндері 8:00-ден 20:00-ге дейін. Төлем сағатына 100 теңгені құрайды.
Ережеге сәйкес, тұрақ ақысын алғашқы 30 минутта төлеу қажет. Демалыс және мереке күндері автотұрақ тегін.