Нұр-Сұлтанда пранк жасаған жас жігіттер ұсталды – видео

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан келбеті, архивтегі фото
Нұр-Сұлтан келбеті, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
18-19 жастағы жігіттер Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Астаналық полицейлер түнгі уақытта досына пранк жасаған жас жігіттерді ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
20 сәуірде түнгі сағат 02.38-де жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына белгісіз біреулердің жас жігітті көлік жүксалғышына күштеп салып жатқаны түскен. Мамандар бірден Сарайшық көшесінде жүрген патрульге хабар береді.
Мамандандырылған патрульдік полиция батальоны Қабанбай батыр даңғылының бойында "Toyota" маркалы екі автокөлікті тоқтатты. 18-19 жастағы жігіттердің бәрі Есіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Олар досымен ойнап, әлеуметтік желілер үшін пранк жасағысы келген.
"Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Осындай әрекетке жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді", - дейді департамент мамандары.
Полиция қоғамдық тәртіпті және түнгі уақытта азаматтардың тыныштығын бұзбау қажеттігін ескертті.
Жаңалықтар
0