Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді

Нұрлан Мәсімов - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімов пара алды деген күдікке ілінді.

"Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Павлодар облысы полиция департаментінің экс-бастығы полиция генерал-майоры Нұрлан Мәсімовке қатысты аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады", - делінген сыйбалас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің хабарламасында.

Агенттік мәліметіне сәйкес, тергеу соты істі "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасымен санкциялады.
Қазіргі уақытта Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды.
"Іс бойынша оның орналасқан жерін анықтау бойынша қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", - деп хабарлады агенттік.
Жаңалықтар
0