Хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы көкшетаулық елордадағы әпкесінің үйінен табылды

© Photo : StockSnapАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
Отбасындағы жанжалдан кейін бала Бурабай ауданына кетіп қалып, сонда бір қызбен танысқан
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Хабар-ошарсыз жоғалған 15 жастағы көкшетаулық елордадан табылды, деп хабарлады Polisia.kz.
21 сәуірде Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны хабарласып, 20 сәуір сағат 23.00-де үйден кетіп, оралмаған 15 жастағы ұлын іздеуге көмек сұраған. Әйел өз бетінше іздегенмен нәтиже болмаған.
Көкшетау қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер дереу жоғалған жасөспірімді іздеуге кірісті. Ол баруы мүмкін орындар, көшелер мен аулалар тексерілді, жасөспірімнің туыстары мен достары сұралды.
Отбасындағы жанжалдан кейін бала бағыттас көліктермен Бурабай ауданына кеткені анықталды.
Щучинск қаласында жасөспірім қызбен танысқан. Кездейсоқ таныс жанашырлық танытып, жасөспірімді үйге шақырып, жаңбыр астында су болған балаға құрғақ киім берген. Бозбала қыздан өзінің елордадағы әпкелерімен телефон арқылы хабарласуды сұраған.
"Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала Нұр-Сұлтан қаласында туыстарының үйінде және жақын арада облыс орталығына жеткізіледі", – деп хабарлады Көкшетау қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімі.
"Әке тәрбиесін көрмеген балалар қауіпті жағдайларға жиі тап болатынын тәжірибе көрсетіп отыр", – дейді полиция қызметкерлері.
Тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" кодексіне сәйкес, бала тәрбиелеп отырған ата-аналар оның физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге жауапты екенін еске салды. Ал неке бұзылған жағдайда, өз баласынан бөлек тұратын әке немесе ана оны тәрбиелеудегі жауапкершіліктен босатылмайды.
Жаңалықтар
0