Каспий құбыр желісі жақын арада толық іске қосылады

© Photo : КТККаспий құбыр желісі
Каспий құбыр желісі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
ШАҚ-2 жұма күні, 2022 жылдың 22 сәуірінде іске қосылады деп жоспарланып отыр
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша, жұма күні, 2022 жылдың 22 сәуірінде ШАҚ-2 құрылғысын іске қосу жоспарлануда.
Каспий құбыр желісінде жөндеу жұмыстары аяқталып қалды. Жақын арада құбыр қалыпты жұмыс режиміне оралады.
"Егер екінші ШАҚ (шығаратын айлақша құрылғысы) бүгіннен бастап жұмыс істей бастаса, жобаның жұмысы 100% қалпына келеді", - деді Ақшолақов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесуінде.
Еске сала кетейік, энергетика министрлігінің өкілдері жағдайды бағамдау үшін апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан Каспий құбыр желісі теңіз терминалында болды.
Жаңалықтар
0