https://sputnik.kz/20220422/egovkz-portaly-elektrondy-tsifrlyq-qoltanba-24386610.html
eGov.kz порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алу жеңілдей түсті
eGov.kz порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алу жеңілдей түсті
Sputnik Қазақстан
Жаңа қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді 22.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-22T15:29+0500
2022-04-22T15:29+0500
2022-04-22T15:29+0500
қоғам
электрондық үкімет
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_0:108:1198:782_1920x0_80_0_0_6c6ddb4e02a7cb2fe8f0a1e563b25a48.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Ертең, 23 сәуірден бастап қазақстандықтар eGov.kz порталында электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) смартфонның камерасы арқылы ала алады."Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қоғаммен байланыс басқармасының ақпаратынша, ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді әрі ыңғайлы бола түсті.Бейнетексеріс сервисі – Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе ол істен шыққан кезде ұялы телефонды пайдаланып, QR-код көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндік береді. Жаңа қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді."ЭЦҚ алу – eGov.kz порталындағы өте танымал сервис, тек осы жылдың өзінде оны 4,8 млн рет алған. Азаматтар көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деп айтып жатады. Сол себепті бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді",- деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.Ол үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодқа бағыттап, бейнетексерістен өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін, компьютерде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.Бұл ретте "ҰАҚ" АҚ азаматтарға QR-код арқылы бейнетексерістен өз ұялы телефонынан өтуге кеңес берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1165/17/11651732_131:0:1198:800_1920x0_80_0_0_ed3f52240c48f1af4841312eb2643ee3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электрондық үкімет
eGov.kz порталы арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны алу жеңілдей түсті
Жаңа қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Ертең, 23 сәуірден бастап қазақстандықтар eGov.kz порталында электронды цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) смартфонның камерасы арқылы ала алады.
"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ қоғаммен байланыс басқармасының ақпаратынша, ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді әрі ыңғайлы бола түсті.
Бейнетексеріс сервисі – Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе ол істен шыққан кезде ұялы телефонды пайдаланып, QR-код көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндік береді. Жаңа қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.
"ЭЦҚ алу – eGov.kz порталындағы өте танымал сервис, тек осы жылдың өзінде оны 4,8 млн рет алған. Азаматтар көбінесе компьютерде камера жоқ немесе жұмыс істемейді деп айтып жатады. Сол себепті бұл өзгерістер ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін жеңілдетеді және ыңғайлы етеді",- деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Ол үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген
QR-кодқа бағыттап, бейнетексерістен өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін, компьютерде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет.
Бұл ретте "ҰАҚ" АҚ азаматтарға QR-код арқылы бейнетексерістен өз ұялы телефонынан өтуге кеңес берді.