https://sputnik.kz/20220422/bilim-ministrligi-mektep-bitiru-keshi-24389650.html
Білім министрлігі мектеп бітіру кешін қалай өткізу керек екенін айтты
Білім министрлігі мектеп бітіру кешін қалай өткізу керек екенін айтты
Sputnik Қазақстан
Мектеп бітіру кешіне әртістер мен аниматорларды шақыруға, көлік жалдап, қалада экскурсия жасауға рұқсат етілмейді 22.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-22T16:49+0500
2022-04-22T16:49+0500
2023-08-09T12:17+0500
білім
мектеп бітіру
білім және ғылым министрлігі
https://sputnik.kz/img/593/03/5930313_0:160:3077:1890_1920x0_80_0_0_da087453fdf49f77c57bb63932f41334.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Түлектердің мектеп бітіру кеші тек мектеп қабырғасында өтуге тиіс. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді."Соңғы екі жылда коронавирус індеті мектеп пен ұстаздардың дәстүрлі қоштасу кешін өткізуін тоқтатып тастады. Ал қазір эпидемиологиялық жағдай мұндай кешті өткізуге мүмкіндік береді. Бірақ кештің барлығы міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі керек. Мектептердің қамқоршылық кеңестері мен білім басқармалары түлектердің ата-аналарына іс-шараларға шығындалудың тиімсіз екенін түсіндіруі қажет. Бұл сұрақ – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі", - деді БҒМ МДОБК тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова.Мектеп бітіру кеші білім ошағының өз күшімен ұйымдастырылуы керек.Бұл ретте мектеп бітіру кештерінде мына дүниелерге рұқсат етілмейді:Мектеп бітіру кешіне мұғалімдер, түлектер және олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері қатыса алады.Айта кетері, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 16-17 маусымда тапсырылады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/593/03/5930313_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_4481997901dd076c8e19c8293294d036.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп бітіру, білім және ғылым министрлігі
мектеп бітіру, білім және ғылым министрлігі
Білім министрлігі мектеп бітіру кешін қалай өткізу керек екенін айтты
16:49 22.04.2022 (жаңартылды: 12:17 09.08.2023) Мектеп бітіру кешіне әртістер мен аниматорларды шақыруға, көлік жалдап, қалада экскурсия жасауға рұқсат етілмейді
НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Түлектердің мектеп бітіру кеші тек мектеп қабырғасында өтуге тиіс. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.
"Соңғы екі жылда коронавирус індеті мектеп пен ұстаздардың дәстүрлі қоштасу кешін өткізуін тоқтатып тастады. Ал қазір эпидемиологиялық жағдай мұндай кешті өткізуге мүмкіндік береді. Бірақ кештің барлығы міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі керек. Мектептердің қамқоршылық кеңестері мен білім басқармалары түлектердің ата-аналарына іс-шараларға шығындалудың тиімсіз екенін түсіндіруі қажет. Бұл сұрақ – күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі", - деді БҒМ МДОБК тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Самал Қадырова.
Мектеп бітіру кеші білім ошағының өз күшімен ұйымдастырылуы керек.
Бұл ретте мектеп бітіру кештерінде мына дүниелерге рұқсат етілмейді:
салтанатты кешті өткізуге ақша төлеп, аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, әртістерді, жеке студияларды тартуға;
мерекелік дастархан ұйымдастыруға;
автокөліктерді жалға алып, қала (аудан) бойынша экскурсия өткізуге;
мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинауға;
мектеп бітіру кештерін ойын-сауық мекемелерінде ұйымдастыруға.
Мектеп бітіру кешіне мұғалімдер, түлектер және олардың ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Қамқоршылық кеңес мүшелері, патронаттық ұйымдар, білім басқармалары мен бөлімдерінің өкілдері қатыса алады.
Айта кетері, Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 16-17 маусымда тапсырылады.