Алматы облысында жүк тиелген фура өртеніп кетті

© Sputnik / СтрингерФура, архивтегі фото
Фура, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 22 сәуір – Sputnik. Алматы маңындағы тасжолда халық тұтынатын тауарлар тиелген жүк көлігі өртеніп кетті.
Әлеуметтік желіде өрттің салдары туралы видео жарияланды. Кадрдан өртеніп кеткен жүк көлігі мен жолда шашылып жатқан жартылай күйген балалар ойыншықтарын, түрлі тауарлар салынған сөмкелерді көруге болады.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 20 сәуірде Алматы-Өскемен тасжолының 93-ші шақырымында Байсерке ауылының маңында Mercedes Benz ауыр жүк көлігінің өртенгенін хабарлады.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оны жоюға алты қызметкер мен екі техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
0