Жамбылдағы жарылыс: генерал-майор Қайдар Қарақұлов уақытша ұстау изоляторынан босатылды

© Photo : пресс-служба ДЧС Акмолинской областиархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2022
Жазылу
Ол 19 сәуірде прокуратураның келісімі бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын
АЛМАТЫ, 21 cәуір – Sputnik. Ішкі істер министрлігі "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының бұрынғы қолбасшысы, генерал-майор Қайдар Қарақұлов Қазақстан Бас прокуроры көмекшісінің шешімі негізінде уақытша ұстау изоляторынан босатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін Қарақұловтың 2021 жылдың Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылғаны, 2022 жылдың 19 сәуірінде прокуратураның келісімі бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
"Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға қажеттілік болмағандықтан, Бас прокурор көмекшісінің шешімі негізінде Қарақұлов уақытша ұстау изоляторынан босатылды", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің әскери тергеу басқармасының баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Әскери бөлімдегі жарылыс

2021 жылдың 26 тамызы кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада өрт басталып, бір сағаттан кейін оқ-дәрілер жарылды.
Кем дегенде 10 жарылыс болған.
Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны қауіпсіздік мақсатында Таразға көшірілді.
Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды.
Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жарылыс салдарынан 17 адам қаза болды.
Бір адам хабар-ошарсыз кетn3. 34 жастағы сержант Бауыржан Дәуітбаев әскери бөлімде қызмет еткен. Оны іздестіру жұмыстары әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0