https://sputnik.kz/20220421/ukimet-dagdarys-24366276.html
Үкіметте дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды
Үкіметте дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды
Sputnik Қазақстан
Форс-мажорлық жағдайларға тап болған компанияларды Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін пысықтау ұсынылды 21.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-21T18:28+0500
2022-04-21T18:28+0500
2022-04-21T18:28+0500
бизнес
https://sputnik.kz/img/562/42/5624210_0:83:2016:1217_1920x0_80_0_0_0aa63d5797360d636988bbf35e5ccc34.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жөнінде кеңес өткізді.Отырыс барысында үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін мұқият қадағалап отырғаны аталып өтті.Отандық компаниялардың одан әрі дамуы және әкімшілік жүктемені төмендету үшін бірқатар жаңа қолдау шарасын енгізу ұсынылады.Осылайша мемлекеттік сатып алу аясында өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға (логистикалық дәліздердің жабылуы, жеткізілімдердің уақытылы орындалмауы және т. б.) тап болған компанияларды Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін пысықтау ұсынылады.Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін сақтандыру сыйақыларын мемлекеттік субсидиялау көлемін ұлғайту ұсынылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Сондай-ақ елімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін кеңейту туралы ұсыныс қолдау тапты.Премьер-министр ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/562/42/5624210_142:0:1874:1299_1920x0_80_0_0_f11a5ddfc8b3a027401163896d3a51cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бизнес
Үкіметте дағдарысқа қарсы қосымша шаралар қаралды
Форс-мажорлық жағдайларға тап болған компанияларды Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін пысықтау ұсынылды
НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов дағдарысқа қарсы қосымша шаралар жөнінде кеңес өткізді.
Отырыс барысында үкіметтің сыртқы экономикалық және геосаяси факторлардың қазақстандық өндірушілерге әсерін мұқият қадағалап отырғаны аталып өтті.
Отандық компаниялардың одан әрі дамуы және әкімшілік жүктемені төмендету үшін бірқатар жаңа қолдау шарасын енгізу ұсынылады.
Осылайша мемлекеттік сатып алу аясында өз міндеттемелерін орындау кезінде форс-мажорлық жағдайларға (логистикалық дәліздердің жабылуы, жеткізілімдердің уақытылы орындалмауы және т. б.) тап болған компанияларды Жосықсыз жеткізушілер тізіліміне енгізбеу тетіктерін пысықтау ұсынылады.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау үшін сақтандыру сыйақыларын мемлекеттік субсидиялау көлемін ұлғайту ұсынылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ елімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизингін кеңейту туралы ұсыныс қолдау тапты.
Премьер-министр ұсыныстарды қолдап, оларды жүзеге асыру мәселелерін пысықтауды тапсырды.